» » ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ЧЕМПИОНДАР

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ЧЕМПИОНДАР


Олимпиадалық спорт түрлерінің бәсі жоғары. 4 жылдық циклда әлем чемпионаттарында көзге түскен мықтылардың еңбегі олимпиадаларда қорытылады. Сондықтан олимпиадалық санатқа енетін жазғы – 31 (оның ішінде тағы 21 түрі бар), қысқы 7 (іштей тағы жіктеледі) спорт түрінен әлемде дара шыққан жерлестерімізді түгендеп көрсек.
1.Шәміл Серіков, грек-рим күресі,1978-1979 ж.ж;
2.Жақсылық Үшкемпіров, грек-рим күресі, 1981 ж;
3. Нұрлан Меңдіғалиев, су добы, 1982 ж;
4. Тимур Досымбетов, қазіргі бессайыс, 1982 ;.
5. Марат Сатыбалдиев, велоспорт, 1989 ж;
6. Дәулет Тұрлықанов, грек-рим күресі, 1989 ж;
7. Бақтияр Байсейітов, грек-рим күресі, 1998 ж;
8. Болат Жұмаділов, бокс, 1999 ж;
9. Серік Сәпиев, бокс, 2005, 2007 ж;
10. Ердос Жаңабергенов, бокс, 2005 ж;
11. Біржан Жақыпов, бокс, 2013 ж;
12. Мерей Ақшалов, бокс, 2013 ж;
13. Данияр Елеусінов, бокс, 2013 ж;
14. Жәнібек Әлімханұлы, бокс, 2013 ж;
15. Жасұлан Қыдырбаев, ауыр атлетика, 2014 ж;
16. Назым Қызайбай, бокс, 2014, 2016 ж;
17. Елдос Сметов, дзюдо, 2015 ж;
18. Дина Жоламан, бокс, 2016 ж;
19. Ләззат Күнгейбаева, бокс, 2016 ж;
20.Қайрат Ералиев, бокс, 2017 ж.
Астын сызып тағы да айтатын мәселе – бұл тізім олимпиадалық спорт түрлері бойынша жасақталған. Әйтпесе, бір ғана самбо күресінен 1984 жылы топ жарған Қанат Байшолақовтан (48 келі) бастап, Бауыржан Садыханов (52 келі, 1992), Сәуле Ғабдуллина (56 келі, 1996), Азамат Мұқанов (2010), Асқар Шайхиев (48 келі, 1989), Асқат Шахаров (74 келі, 1999, 2004, 2005), Қоныс Жетпісов (52 келі, 2001), Ерболат Байбатыров (52 келі — 2008, 2009, 57 келі — 2010, 2011), Дәурен Жайнақов (57 келі, 2009), Бейімбет Қанжанов (52, 2015), Гауһар Тұрмаханова (52 келі, 2014) секілді 11 әлем чемпионы бар екен. Әскери самбодан әлем чемпионатын 3 рет жеңіп алған Арман Оспановты (68 келі — 2013, 2014, 2015), 2 рет дара шыққан Алмас Сүлейменовті (52 келі- 2014, 2015) де айтып өтуге тиіспіз. Олимпиадалық санатқа енбейтін джиу-джитсудан (Елдос Қабденов, Дарқан Нартаев), кикбоксингтен (Асқар Можанов — 5 рет, Ержан Шегенов, Арнал Қанапиянов) әлем додасынан дара шыққан қандастарымыз да баршылық.
02 қаңтар 2018 ж. 562 2

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 11:41
Buy Slimex online cialis Viagra Paiement Paypal Karasahr Medication

Гость JeaKeenny от 12 наурыз 2019 14:19
Albendazole Cheap viagra prescription Where Can I Buy Dutasteride Quick Shipping Cialis Mezza Pastiglia Comprare Cialis Online Forum

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031