» » ЭЛЬ-КЛАССИКО ДЕГЕНДЕ ЭЛЬ-КЛАССИКО

ЭЛЬ-КЛАССИКО ДЕГЕНДЕ ЭЛЬ-КЛАССИКО


    Өткен сенбіде күллі әлем қақ жарылды. Оған себеп Ла Лиганың 17-туры аясындағы «эль-классико» яғни «Реал Мадрид» пен «Барселона» кездесуі. Жалпы,«эль-классико» – аладоп бәсекесіндегі ең атақты дерби. Бұл – құрылғанына 100 жылдан астам уақыт болған қос команданың тартысы. Испан дербиін әлемнің 185 елі тікелей эфирде көрсетті. AS ақпараты бойынша, классико аудиториясы шамамен 650 миллион адамды құраған. 200-ден астам БАҚ құралдарынан 600 журналист классиконы алаңнан тамашалады. Матчты түсіруге 40 камера бөлінген. Әлеуметтік желіде #ElClasico хештегімен миллиардтан астам жариялым жасалды. Мұның бәрі Испания футболының әлемдік аренадағы беделін үстем етеді.
Биылғы «эль-классиконың» бір қызығы тұңғыш рет шаңқай түсте басталды (Испания уақытымен). Вальверденің «барса» тізгінінде Испания чемпионатындағы алғашқы классикосы. Зиданның Ла Лигадағы “блауграналарға” қарсы бесінші ойыны.
Матч Бернабеудегі алаң иелерінің басымдығымен басталды. Барынша шабуылдауға тырысқан мадридтіктер жинақы ойын көрсетті. Роналду мен Бензема жіберген қателіктерге қарамастан, Модрич пен Марсело «Реал Мадридтің» «маэстросы» болды.
Алғашқы таймда бір-бірін бақылаған қос алып, екінші таймда ширай түсті. Вальверде шәкірттері прессинг пен пасты сәтті қолданып, ойынның 54-минутында Суарес есеп ашты. 63-минутта қарсыластың айып алаңында қолмен ойнағаны үшін Дани Карвахаль алаңнан қуылды. Матчтан қуылу «эль-классикоға» тән қасиет. «Реал» қақпасына 64-минутта 11-метрлік айып добын сәтті орындаған  Месси есепті еселеді. Алаңда 10 ойыншымен қалған «галактикостардың» жағдайы қиындай түсті. Матчтың 72-минутында алаңға шыққан Бэйл мен Асенсио «Реалға» дем бергендей болды. Бірақ, қос ойыншы ұйымдастырған шабуыл нәтижесіз аяқталды. Таблодағы есепке  90-минутта Видаль өзгерту енгізді. «Барселона» Ла Лига шеңберінде үшінші ойын қатарынан «Сантьяго-Бернабеуде» жеңіске жетті. 17-турдың қорытындысы бойынша «Барселона» 45 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр.Сондай-ақ, Лионель Месси «Бернабеуде» кезекті рекордын жаңартты. Бір клубта соққан гол саны бойынша Герд Мюллерден асып түсті. Мюллер «Бавария» сапында 525 гол соқса, Месси «Барселона» сапында 526-шы мүмкіндігінде “Реал” қақпасын дәл көздеді. Қос команда келесі матчтарын Испания Кубогында жалғастырады. 5-қаңтар күні «Реал Мадрид» «Нумансияға» қонаққа барады. «Барселона» «Балаидос» стадионында «Сельтаға»
қарсы матч өткізеді.
28 желтоқсан 2017 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930