» » Серік Сәпиев спортшыларға жеке күзетші беруге қатысты пікірін білдірді

Серік Сәпиев спортшыларға жеке күзетші беруге қатысты пікірін білдірді

Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев қазақстандық спортшыларды жеке күзетшімен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жалпы осы мәселені көтеретін болсақ, бастапқыда оны талқылап алу керек. Тіпті Үкімет мүшесіндегілердің жеке күзеті жоқ. Бұл мәселе спортшылардың менеджерлері мен федерациясына қатысты. Федерация спортшыға күзетші беретін болса, берсін. Бекзат Саттархановпен, Ермек Серіковпен түрлі жағдайлар болды. Ал Денис Тенмен тіпті сұмдық жағдай болды", - деді Серік Сәпиев. Сондай-ақ, спортшы өзіне жеке күзетші алуға қатысты ойын айтты. "Жоқ, маған күзетші керек емес. Өз қамымды өзім жасай аламын немесе достарым бар. Осы уақыт бойы маған ешқандай қауіп төнген емес", - деді Сәпиев.
25 шілде 2018 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930