» » «Қайрат» алғаш рет Еуропа лигасының үшінші кезеңіне шықты

«Қайрат» алғаш рет Еуропа лигасының үшінші кезеңіне шықты

Футболдан Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өткізіледі. Алматының «Қайраты» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл біздің еліміздің атынан еурокубок ойындарына төрт команда қатысты. Чемпиондар лигасында елордалық «Астана» бақ сынаса, Еуропа лигасында Алматының «Қайрат», Қостанайдың «Тобыл» және Павлодардың «Ертіс» клубтары ел намысын қорғауға мүмкіндік алған еді. «Ертіс» бірінші іріктеу кезеңінен әріге аса алған жоқ. Литваның «Тракай» командасына (0:0, 0:1) жол берді.
Бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Самтредиа» клубын (1:0, 2:0) орта жолда қалдырған «Тобыл» екінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюник» командасына есе (2:1, 0:1) жіберді. Әзірге үшінші іріктеу кезеңіне елордалық «Астана» ғана жолдама алып отыр. Олар алдымен Черногорияның «Сутьескасын» жеңіп (1:0 , 2:0 ), одан кейін Данияның «Мидтьюлландынан» басым түсіп (2:1, 0:0) , енді Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен шеберлік байқасады. Ендігі үміт — «Қайратта».
Алматылықтар алғашқы іріктеу кезеңінде Андорраның «Энгордань» клубынан қос ойынның қорытындысында 10:1 есебімен (7:1, 3:0) басым түсті. «Қайрат» өз алаңында «АЗ Алкмаардан» 2:0 есебімен басым түскен еді. Алғашқы минуттан «Қайрат» сапында Владимир Плотников, Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ян Вороговский, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Исаэл, Жуан Фелипе, Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола шықты. Өткен кездесуден команда құрамында ешқандай өзгеріс жоқ.
Ал «АЗ Алкмаар» құрамында Марко Бизот, Йонас Свенссон, Пантелис Хацидиакос, Рон Влар, Томас Ауэян, Фредрик Мидтше, Гус Тиль, Теун Коопмейнерс, Дорин Ротариу, Фред Фрайди, Уссама Идрисси шықты. Алматыдағы кездесуде Теун Коопмейнерс пен Дорин Ротариу бірінші минуттан ойынға қосылған жоқ еді. Олар Матс Сёнтьенс пен Мирон Боадюны алмастырды. Күткендегідей, «АЗ Алкмаар» ойынды өте қарқынды бастады. Бірден-ақ біздің қақпаға лап қойды. Оң қанаттан да, сол қанаттан да шабуыл өрбіп жатты. Бұл сәтте «Қайрат» футболшылары негізінен қорғаныс шебінде жүрді десек те болады. 16-минутта алаң иелері біздің қақпаға гол соқты.
Дегенмен, оны төреші офсайдтан тыс деп есептемей тастады. Ал 21-минутта Андрей Аршавин «АЗ Алкмаар» қақпашысын мазалап көрді. Оның тепкен добын аяқпен зорға қайтарып үлгерді. Ойынның 28-минутында алаң иелері тарапынан өздерінің айып алаңында түсінбестік орын алды. «Қайрат» шабуылшысы Адерсинсола Эсеола қақпашымен бетпе-бет шыққан еді. Қақпашы оны құлатудан басқа амалы қалған жоқ. Алаң иелері қақпасына пенальти белгіленіп, оны «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мүлтіксіз орындады.
Осылайша «Қайрат» сырт алаңда бір доп соғып, жағдайын одан әрі түзеп алды. Өйткені, «АЗ Алкмаар» жарысты жалғастырудан үміттенсе, біздің қақпаға кем дегенде 4 доп соғуы қажет. Ал 42-минутта Гус Тиль таразы басын теңестіріп кетті. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл жайында бұдан бұрын хабарлаған едік.
Екінші кезеңнің 49-минутында «Қайраттың» есепті ұлғайтатын тамаша мүмкіндігі болған еді. Өзінің айып алаңында қорғаушысы берген допты «Аз Алкмаар» қақпашысы Марко Бизот ұстап алуға мәжбүр болды. Футбол талабы бойынша олай жасауға тыйым салынған. Дегенмен оны біздің жігіттер өз пайдасына жарата алған жоқ. Ал 72-минутта Адеринсола Эсеола алаң иелерінің қақпашысымен бетпе-бет шыққанымен оны өзіне тиімді пайдалана алған жоқ. 92-минутта біздің қақпаға пенальти белгіленді. Оны Теун Коопмейнерс дәл орындап, есепті 2:1-ге жеткізді. Ойын осы есеппен қорытындыланды. Қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастыратын болды.
Енді олар Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде 9-16 тамыз күндері Чехияның «Сигма» командасымен кездеседі. Айта кетелік, «Қайрат» биыл өз тарихында тұңғыш рет аталмыш жарыстың үшінші кезеңіне шығып отыр. Бұған дейін олар 6 мәрте аталмыш додаға қатысқанымен екінші кеезңнен әріге аса алған жоқ еді.
03 тамыз 2018 ж. 296 2

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 16:30
How To Buy Stendra Ed Drugs viagra Generic Viagra Available In Canada Generic Progesterone Pills Best Buy Express Delivery Viagra 100 Mg For Sale

Гость JeaKeenny от 10 наурыз 2019 06:24
Kamagra Gel Order Elocon Best Website Overseas Clomid Online viagra Viagra Pfizer Pas Cher En Quimper Manufacturing Amoxicillin Discount Cialis Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30