» » Роналду қатарынан екінші рет Еуропаның үздік спортшысы атанды

Роналду қатарынан екінші рет Еуропаның үздік спортшысы атанды

  «Реал Мадрид» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2017 жылдың қорытындылары бойынша қатарынан екінші рет Еуропаның үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды мадридтік клубтың ресми сайты. Бір айдан соң 33 жасқа толатын шабуылшы 26 халықаралық ақпарат агенттігінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне орай бірінші орынды иеленді. Футболшы осы атаққа таласқан Формула-1 шебері Льюис Хэмилтон, теннисшілер Роджер Федерер және Рафаэль Надальды артқа тастады. Еуропаның үздік спортшысын анықтау бастамасын алғаш рет 1958 жылы Польшаның РАР ақпарат агенттігі көтерген болатын, содан бері аталым жыл сайын кәрі құрлық спортшылары арасында жүргізіледі.  
29 желтоқсан 2017 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031