» » Нигериялық футболшы "Ертіс" клубынан кетті

Нигериялық футболшы "Ертіс" клубынан кетті

19 ұпай жинаған"Ертіс" премьер лигада 21-ші кезең қорытындысы бойынша "Шахтер" мен "Атырау" секілді соңғы орында келеді. Нигериялық сұрмерген Фуад Салами павлодарлық "Ертіс" клубынан кетті, - делінген клубтың ресми сайтында.  Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы және нигериялық шабуылшы Фуад Гболахан Салами арасындағы еңбек келісімі тоқтатылды. Екі тарап дәл осындай, өзара келісілген, шешімге келді. "27 жастағы форвард біздің команда сапына маусым басында қосылып,  21 ойында 5 гол салды. Футболшы клуб қызметкерлері мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Біз өз кезегімізде, Фуадқа рахмет айтып, сәттілік тілеміз!", - деп жазды "Ертіс" ФК баспасөз қызметінің өкілдері. 
Айта кетейік, 19 ұпай жинаған"Ертіс" премьер лигада 21-ші кезең қорытындысы бойынша "Шахтер" мен "Атырау" секілді соңғы орында келеді. 

10 тамыз 2018 ж. 15 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 33 (258)

16 тамыз 2018 ж.

№ 32 (257)

09 тамыз 2018 ж.

№ 31 (256)

02 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031