» » АЗИАДА – ЖАРТЫ ӘЛЕМНІҢ БАЙРАҒЫ

АЗИАДА – ЖАРТЫ ӘЛЕМНІҢ БАЙРАҒЫ

   Биыл ел спортшылары әлемдік аренада тер төгейін деп тұр. Себебі, әлем біріншілігі мен халықаралық турнирлерден тыс Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындарында саңлақтарымыз ел намысын қорғайды. Жазғы Азия ойындарын кіші олимипиада деп балаған жөн. Мұнда азиялық атлеттер демесеңіз, дүбірлі доданың нағыз өзі. Аталмыш аламан 18 тамызда жалауы желбіреп, 2 қыркүйекте аяқталады.
 Спортшылар сайысқа соңғы дайындықтарын пысықтап, Алматыдан Индонезияға аттанды.
– Құрама командалар Азиадаға дайындалу үшін ҰОК Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, барлық мүмкіндікті жасадық. Қазақстан ҰОК президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаев спортшыларды кешенді-ғылыми топтармен, техникалық мамандармен қамтамасыз етіп, олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуді толықтай өз бақылауына алды. Біз бұл еңбек ақталып, өз жемісін береді деп үміттенеміз. Қазақстан атлеттері құрлықтық додада дәстүрлі түрде үздіктер қатарынан көрінеді. Сондықтан спортшыларымыз биылғы ойындарда да жанкүйер қуанышын еселей түседі деп сенемін,- деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Елдос Рамазанов.
Ұлттық құрама сапында 440 спортшы болса, оның ішіндегі 404-і 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.
Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарында жалпы есебі 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Мұның 363 жүлдесі олимпиадалық спорт түрлеріне тиесілі. Тағы бір айта кетерлігі, биыл Азия ойындарының бағдарламасынан нысана көздеу және стенд атудан командалық жарыс пен бокстан ерлер арасында ауыр салмақ дәрежесі (81 келі, 91 келі, +91 келі) алынып тасталды. Құрлық додасы Джакарта және Палембангқалаларында өтеді.
Қазақстан құрамасының барлық спортшысы кешенді-ғылыми топ мамандарымен жабдықталған. Аталған топ мүшелері Қазақстан ҰОК бастамасымен олимпиадалық спорт түріндегі командалармен жұмыс істей бастады. Джакарта мен Палембангта дәрігерлер штабы, психологтар мен кезекші массажшылар тәулік бойы қызмет етеді. КҒТ мамандары алғаш рет жарыс кезінде ұлттық құрама спортшыларына кәсіби көмек көрсетеді.
16 тамыз 2018 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 46 (271)

15 қараша 2018 ж.

№ 45 (270)

08 қараша 2018 ж.

№ 44 (269)

01 қараша 2018 ж.

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930