» » ӘЛЕМДІК ТИТУЛ АЛМАТЫДА

ӘЛЕМДІК ТИТУЛ АЛМАТЫДА

     19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста ерлердің 16 және әйелдердің 9 командасы күш сынасады. Ерлер сайысында Қазақстан «В» тобында өнер көрсетеді. Топтық турнирдегі қарсыластарымыз – Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия құрамалары. Бірден айта кетейік, біздің топтағы командалар арасында Еуропа құрлығының өкілдері өте мықты. Мәселен, 2014 жылы Испанияда өткен студенттердің әлем біріншілігінде Беларусь құрамасы қола медальды иеленсе, 2016 жылы Бразилияда өткен жарыста Чехия ойыншылары да дәл сол межеден көрінді. Яғни, айтулы мемлекеттің өрендері дүбірлі додаларда жеңістің дәмін татып үлгерген. Бұл жолы да жүлделі орындардың бірін иелену үшін олардың еш аянып қалмайтыны анық. Десек те, байрақты бәсеке өз елімізде, өз жерімізде, өз жанкүйерлеріміздің көз алдында өткендіктен, біздің жігіттер де намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салуы тиіс. Өзге бәсекелер мына командалар арасында өрбиді: «А» тобы – Ресей, Франция, Аргентина және Словакия. «С» тобы – Таиланд, Германия, Украина және Хорватия. «D» тобы – Португалия, Израиль, Қытай және Польша. Студенттер арасындағы әлем біріншілігінің тұсауы кесері 1984 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтті. Бұл дүбірлі дода алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Финалда олар Парагвай құрамасын 5:4 есебімен ұтты. Қола медальды Испания иеленді. Үшінші орын үшін тартыста Пиреней түбегінің түлектері Италиядан 7:6 есебімен басым түсті. Жалпы, 15 мәрте жалауы желбіреген аталмыш жарыста ең көп жеңіс то­йын тойлаған Бразилия құрамасы екен. Олар 5 мәрте бас жүлдені (1984, 1996, 2000, 2010, 2016) олжалады. Сондай-ақ бразилиялықтардың қоржынында 3 күміс және 1 қола медаль бар. Осы көрсеткіш жағынан Ресей ойыншылары екінші орында. Көршілеріміз 4 рет (1994, 2002, 2006, 2014) топ жарып, бес рет финалда сүрінді. Тағы екі жарысты олар үшінші орынмен қорытындылады. Үздік үштіктің қатарында Украина бар. Олар 3 алтын (1998, 2004, 2012), 1 күміс және 3 қоланы олжалады. Сондай-ақ Испания (1990), Италия (1992) және Португалияның (2008) студенттері бір-бір реттен жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осының алдындағы студенттердің әлем біріншілігі 2016 жылы Бразилияның Гояна қаласында ұйымдастырылды. Бұл жарыстың соңғы сайысында алаң иелері Ресейді 2:1 есебімен ұтты. Ал қола медаль үшін бәсекеде Чехия құрамасы Францияны 11:3 есебімен тас-талқан етті. Әйелдер арасындағы жарысқа келер болсақ, 2008-2016 жылдар аралығында дүниежүзілік дода бес рет ұйымдас­тырылып, солардың барлығы да Бразилия аруларының айқын жеңісімен аяқтал­ды. Сонымен қатар жүлделі орындарды иеленгендер арасында Португалия (2 күміс+1 қола), Испания (2 күміс), Ресей (1 күміс+2 қола), Қытай (1 қола) және Иран (1 қола) елдерінің өкілдері бар. Алматыдағы жарыста Қазақстанның сұлулары «В» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Португалия, Франция және Жаңа Зеландия құрамалары. «А» тобында Ресей, Канада, Украина, Израиль және Польша құрамалары күш сынасады
16 тамыз 2018 ж. 325 2

Гость JeaKeenny от 12 ақпан 2019 21:23
Viagra 100mg Price Walmart Viagra Pressione cialis price Dyazide Tablets

Гость JeaKeenny от 4 наурыз 2019 23:40
Zithromax What Does It Treat Levitra Bayer Bestellen Cytotec Pauvre cialis 5mg best price Cialis Price Aquetic Mechanism Benzene To Amoxicillin

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031