» » ДЖАКАРТАДАҒЫ СПОРТТЫҚ ДУМАН

ДЖАКАРТАДАҒЫ СПОРТТЫҚ ДУМАН

     Өткен сенбі күні Индонезия астанасы Джакарта мен Суматра аралының ең ірі қаласы Палембангта XVIII Жазғы Азия ойындарының жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеге сары құрлықтың 45 елінен ең үздік деген 11 000-ға жуық саңлақ спорттың 42 түрі бойынша сынға түсіп жатыр. Ал Қазақстан құрамасы сапында 440 саңлақ спорттың 37 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарымен салыстырғанда 20 спортшыға көп.
АЛТЫН БҰЙЫРМАҒАН БАЛУАНДАР
Сонымен аламанның алғашқы күнінде балуандар жарыс жолына шықты. Демек ел қоржынына кем дегенде қола бұйырарын білдік. Қазақстандық балуандар 4 салмақта жарыс жолына шықты. Атап айтқанда, Жандос Исмайылов (57 кг), Саятбек Оқасов (65 кг), Данияр Қайсанов (74 кг), Әділет Давлумбаев (86 кг) және Бақдәулет Әлментай (97 кг). Исмайылов алғашқы айналымда ауғанстандық қарсыласын таза жеңіспен жеңген еді. Өкінішке қарай, келесі
кезеңде ҚХДР балуаны Кумсонг Кангке есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Саятбек Оқасов 1/8 финалдан бастады. Алғашқы кездесуінде кореялық балуаннан айласын асырып, ширек финалда этникалық қазақ, ҚХР-дың атынан жарысқа қатысқан Ерлан Қатайды жеңді. Осылайша жартылай финалға жетіп, бұл кезеңде жапон спортшысы Даичи Такатани отандасымыздан басым түсті. Қарсыласы финалға шыққандықтан, Оқасов жарыстың қоласына таласуға мүмкіндік алды. Мүмкіндігін мүлт жібермеген Саятбек сары құрлықтың қоласын қанжығаға байлады.  Үшінші орын үшін күресетін келесі балуан – Әділет Давлумбаев. Ол Тәжікстан атлетімен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ширек финалда ауған спортшысын жеңгенмен, жартылай финалда ливандық балуанға есе жіберді. Сөйтіп, қырғыз оғланымен үштікке енуге белдесті. Бозкілемде Әділеттің әдісі оңынан туып, 3-0 есебімен жеңіске жетті. Аталмыш спорт түрінен алтын күткеніміз жасырын емес. Үкіліген үміт Данияр Қайсанов финалға шыққан сәтте оянды. Бірінші айналымда катарлық спортшыны таза жеңіске қол жеткізіп, жарысты сенімді бастады. Ширек финалда Вьетнам балуанын да 10:0 есебімен жеңді. 1/2 финалда кореялық спортшыдан 4 ұпайға басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда отандасымыз өзбек спортшысы Бекзод Абдурахмановпен кездесті. Қарсыласы қарымды. Ол – Азия біріншілігінің, Азия ойындарының жеңімпазы. Ақтық сында екеуара тартысты тамашаладық. Бірінші кезеңде Данияр 1 ұпаймен басым келе жатты. Екінші кезеңде есеп теңесіп, қарсыластың әдісі арқылы екіге артты. Белдесудің соңғы сәтіне қарай Қайсанов тағы бір ұпай иеленгенімен, уақыт тәмамдалды. Осылайша бұл екі балуанның арасындағы тартыс 2:3 болып аяқталды.
СЕМСЕРЛІ СЕРІ

Семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азиада чемпионы атанды. Дмитрийдың мансабын парақтасақ, халықаралық жарыстарда топ жарып көрмепті. Сондықтан Алексанин үшін Индонезия ерекше есте қалмақ. Жерлесіміз қылыштасу жарысының топтық кезеңінде 1/16 финалда таиландық Коракоте Жиенгамуаичайды, 1/8 финалда қырғызстандық Роман Петровты, ширек финалда вьетнамдық Ден Нгуеинді жеңді. Жартылай финалда Алексанин Азия чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері оңтүстік кореялық Чон Джин Соннан айласын асырды. Финалда тағы бір оңтүстік кореялық Пак Сан Йонгпен (Рио олимпиадасының чемпионы) кездесіп, жеңіске жетті.
Жарыстың екінші күнінде еншімізге екі медаль тиді. Алдымен таеквондошы Фариза Алдоңғарова 53 келіде қола жүлдеге ие болды. Алдоңғарова алғашқы айналымда Өзбекстан спортшысы Динорахан Мамадибрагимовадан 17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайдан 11:3 есебімен басым түсті. Жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Татамиден назарымыз бозкілемге ауды. Еркін күрестен Жұлдыз Ешімова ақтық сынға жолдама алып, елді қуантқан еді. Жұлдыздың жұлдызы жанарына көпшілік сенді. Дегенмен жерлесіміз финалдық бәсекеде солтүстік кореялық Пак Юнг Миге 11:0 есебімен жол беріп, күмісті қанағат етті. Айта кетейік, ол финалға дейін Оңтүстік Корея, Таиланд және Моңғолия балуандарын тізе бүктірді. Әзірге ел қоржынында 6 медаль бар.
Жарыстың алдағы бәсекесін газеттің келер санынан оқи аласыздар.
23 тамыз 2018 ж. 475 2

Гость JeaKeenny от 18 ақпан 2019 09:20
Buy Plavix Online Revatio 20mg Buy Online Amoxicillin Severe Diaper Rash sertraline overnight propranolol

Гость JeaKeenny от 9 наурыз 2019 16:59
Kamagra Oral Jelly Schweiz Canadian Health Care Pharmacy http://allngos.com Lowest Price Cialis 20mg Brand In Usa Propecia Online Us Tretinoin Cream 0.1 For Sale

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031