» » БОКСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ НАМЫСЫН КІМДЕР ҚОРҒАЙДЫ?

БОКСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ НАМЫСЫН КІМДЕР ҚОРҒАЙДЫ?

Бокс десе делебеміз қозатын халықпыз. Оған себеп байрақты бәсекелерде ел боксшылары шаршы алаңда шашау шығарған емес. Ашығын айту керек, еліміздің бокс федерациясына Тимур Құлыбаев келгеннен бері қазақ боксының көсегесі көгерді. Бапкерлерге де, боксшыларға да барлық жағдай жасалды. Өткен жылы  қазақ боксшылары өздері қатысқан әлемдік додалардан жүлдесіз қайтқан жоқ. Ең басты дода саналатын әлем біріншілігінде біздің жаңадан жасақталған жас құрама командамыз бір емес, алты медаль жеңіп алды. Бұл – тарихи жеңіс. Есігін енді ашқан жаңа жылдың басты жоспары – Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындары. Осы сарықұрлық додасында топ жару құраманың басты мақсаты екені айқын. Бұл жаһандық жарысқа кімдер баруы мүмкін деген сауал туындауы мүмкін. Жақында ұлттық құраманың жаңартылған тізімі жарияланды. Тізімге зер салсақ, Сыр жампоздары, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен Тұрсынбай Құлахмет еніпті. Сондай-ақ, Олимпия, Азия және әлем чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг), әлем чемпионатының қола жүлдегері, Рио Олимпиадасына қатысушы Берік Әбдірахманов (60 кг), еліміздің екі дүркін чемпионы, былтыр «Астана арландары» сапында WSB жобасының чемпионы атанған Асланбек Шымбергенов (69 кг) және осы жылғы ел чемпионатында жартылай финалға шыға алмаған, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (81 кг) да бар. Биыл ел боксшылары Индонезияда өтетін Азия ойындарынан бөлек бірқатар халықаралық турнирлерге қатысады. Ендеше Қазақстан құрамасының 2018 жылғы жаңартылған тізімін ұсынамыз:
49 келі:
 Ержан Жомарт;
 Теміртас Жүсіпов;
 Шалқар Айқынбай;
Жандос Несіпжан.
 52 келі:
 Олжас Байниязов;
 Азамат Исақұлов;
 Әнуар Мұзапаров;
 Абай Қуандықов.
 56 келі:
 Қайрат Ерәлиев;
 Ілияс Сүлейменов;
 Нұрбол Қалжанов.
 60 келі:
 Берік Әбдірахманов;
 Зәкір Сафиуллин;
 Әділет Құрметов;
 Ертуған Зейнулинов;
 Саматәлі Төлтаев.
 64 келі:
 Бекдәулет Ибрагимов;
 Сабыржан Бекбергенов;
 Қуан Қуатов;
 Санатәлі Төлтаев.
 69 келі:
 Абылайхан Жүсіпов;
 Асланбек Шымбергенов;
 Канағат Маралов;
 Данияр Елеусінов.
 75 келі:
Әбілхан Аманқұл;
 Абай Төлеш;
 Ерік Әлжанов;
 Тұрсынбай Құлахмет.
 81 кг:
 Әділбек Ниязымбетов;
 Бекзат Нұрдәулетов;
 Бек Нұрмағамбет;
 Михаил Коханчик;
 Жәнібек Әлімханұлы.
 91 кг:
 Василий Левит;
 Антон Пинчук;
 Абзал Құттыбеков.
 91-ден жоғары салмақта:
 Қамшыбек Қоңқабаев;
 Айболды Дәуренұлы;
 Нұрболат Сермаханов;
 Олжас Бұқаев.
04 қаңтар 2018 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 63
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031