» » ЖАРАҚАТЫ БОЛСА ЖАРЫСҚА НЕГЕ ҚАТЫСАДЫ?

ЖАРАҚАТЫ БОЛСА ЖАРЫСҚА НЕГЕ ҚАТЫСАДЫ?

    Қазақ спортшыларына кейде қайран қалам. Байрақты бәсекеге қатысу үшін өлердегі сөзін айтып, ел намысын қорғауға аттанады. Жүлдеге ілінбесе болды "жарақатым мазалады" деп сылтауға ерік береді. Жарақаты болса келесі спортшыларға неге мүмкіндік бермейді екен осы?! Әлде қызғаншақтық қазаққа тән қасиет пе? Мысалы, Азия ойындарында қола алған Баландин басылым беттеріне сұқбат беріпті. Олимпиада чемпионының Азиада ойынында топ жармағанына көптің көңілі күпті. Берген сұқбатын оқысаңыз тағы да кедергі жарақат. Біз қашан дайындығым "мәз емес" деп мойындаймыз? Негізінде бұл жағдайға бапкерлер жауап беру керек секілді. Спортшы салғырт қимылдаса келесіне мүмкіндік берген дұрыс. Бізде қалыптасқан жаман қасиет бар. Бір спортшы жүлде алса, жілігінен май кеткенше сүйреп әуре боламыз. Содан басқасының бағын байлаймыз. Амал жоқ әлемдік аренаға шыға алмаған кейбір саңлақтар өзге елге көшуге мәжбүр не болмаса спорттық мансабын ерте аяқтайды. Бұған дәлел Рио олимпиадасында грек-рим күресінен Өзбекстанға қола әперген 24 жастағы қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов «бірнеше жыл бұрын Қазақстан құрамасына ене алмағанын» ашына айтты.  Елмұраттың салмағында ел намысын Алмат Кепісбаев қорғайтыны мәлім. Алматтың құрамада жүргеніне 10 жыл толыпты. Ойлай беріңіз енді он жылда Кепісбаевтың көлеңкесінде қалғандар қаншама. Бұл тек күресте ған емес. Өзге де спорттың маңайындағы құбылыс.
Ерасыл ШӘРІБЕК
29 тамыз 2018 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031