» » ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ


Жапонияның Окинаве қаласында WKF каратеден «А» санатындағы Халықаралық турнир  қортындыланды. Олимпиадалық спорт түрлеріне енген сайыста жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай қола жүлдені еншіледі. Жапониядағы бұл жарыс рейтинг бойынша ең жоғары болып табылады. Сәйкесінше спортшыларға ұпайлар таратылады.

***

Сыр аруы Элизабета Тұрсынбаева Шанхайда өткен мәнерлеп сырғанау бойынша Shanghai Trophy турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Шанхайда өткен турнирде ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова бас жүлдені иеленді. Турнир жеңімпазы еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталды. Радионова еркін бағдарламада 131, 06 ұпай жинады. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабета Тұрсынбаева 128, 45 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал ресейлік спортшы Мария Сотскова 128, 18 ұпаймен үшінші орынды иеленді.
***
Польшаның Быдгощь қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта қола жүлдені иеленді. Ол алғашқы белдесуінде Алжир спортшысын техникалық әдіспен жеңсе, одан кейінгі кездесулерде қарсыластарын 10:4, 6:5 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Өкінішке орай Айдос жартылай финалда жапон балуанына 6:5 есебімен есе жіберіп алды. Қола медаль үшін болған кездесуде Болгария спортшысынан айласын асырып, қола жүлдегер атанды. 

13 желтоқсан 2017 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 27 (252)

05 шілде 2018 ж.

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031