» » ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, "ҚАЙСАР"?

ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, "ҚАЙСАР"?

     Футболдан Ел біріншілігі де таяуға жақын. Не бәрі 7 ойыннан кейін біріншілікте шырқау шегіне жетеді. Жарты ғасырлық тарихы бар команданың биылғы маусымдағы беталысы жаман емес. Соңғы 4 ойында 8 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 7-нші келеді. Дегенмен бұл орын басшылық бекіткен саты емес. 50 жылдық мерекесін атап өтетін клубқа жыл басында бестік құрамына енуді тапсырған. Болгар бапкері бұл межені орындайтынына сенімді. Шәкірттерінің шамасын егжей-тегжейлі білетен бапкер бестікке кіру қиынға соқпайтынын алға тартады. Алғашқы айналымда жанкүйер сынына ұшыраған Младеновтың қазіргі жай-күйі жаман емес. "Қайсар" қолдаушыларынан жағымды сөз естіп, көңілі жайланған. Десек те, алдағы матчтардың қай-қайсысы болмасын тегеурінді өтетінін ескерген жөн. 
Үйдегі үрей
Премьер лиганың 27-турында жеребеге сәйкес "Қайсар" "Шахтерді" қабылдады. Түздегі кездесуден үйдегісі әлде қайда жауапкершілігі мол екені айтпаса да түсінікті. Оның үстіне қарағандылық клубтың қайраты бұрынғыдай емес. Төменгі лигаға түсіп қалмаудың амалын қарастырған команданың сырт алаңда ұпай еншілейді дегені қисынға келмейді. Бірақ біз қателескенге ұқсаймыз. Ойынның бірінші жартысында Шахтердың шабуылшысы Эган Вух ойламаған жерден есеп ашты. Бұл гол стадионға жиылған 2200 жанкүйердің көңіліне қаяу түсірді. Бірақ үміт үзілмек емес. Аздап үрей бар.
Пуношевацтың Пенальтиі
"Қайсарға" жазғы трансферде қосылған ойыншының бірі –Братислав Пуношевац. Жанкүйерлер арасында "пенальти" деген лақап аты бар. Бұлай атауының өзіндік себебі де жоқ емес. Команданың 8 ойынына қатысса соның төртеуінде пенальти жасаған. Яғни, Братислав бар да
пенальти болатыны айқын. Бұрын соңды қызылордалық клубқа 11 метрлік айып добын тебу мұң болатын. Енді екі ойынның бірінде тебу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған ойыншымыз "Шахтермен" кездесуде де осы мүмкіндікке ие болды. Төреші Темір Құмашевтың белгілеген айып добын Асхат Тағыберген қателіксіз орындап, таблодағы есепті теңестірді. Кездесу бітуге жақын қалғанда әлгіндегі Братислав бас көмегімен допты қапаның жібек торына тоғытты. Есеп 2-1. Бұл футболшының маусымдағы 9 голы. Ал, "Қайсардың" 7-інші жеңісі.
Бапкерлер пікірі қандай?
Кездесу аяқталысымен конференция залына жайғастық. Мақсатымыз қос бапкердің кездесу жайлы пікірін тыңдау. Көп кешікпей арамызға "Шахтердің" бас бапкері Николай Костов келді.
– Бұл ойын маусымдағы ең сәтсіз әрі қиын матчтың бірі болды. Шәкірттерімнің кейбір қателігі жүйкемді жұқартқаны жасырын емес. Өкінішке орай жеңілдік. Жеңілгенді жер көтереді. Бұл футбол. Бір де ұтасың, бір де ұтыласың. "Қайсарды" жеңісімен құттықтаймын, деп орнынан тұрып, бөлмені босатты. Ұн-жырғасы түскен Костовқа сауал қойып, мазаламауды жөн деп санадық.
Кезек Младеновке келді. Көңілі көтеріңкі жүзімен:
– Лайықты жеңіске жеттік. Қонақтардың ойын мәнерін бағалаған жөн. Кездесудің бірінші жартысында олар жақсы ойнады. Менің футболшыларым  мінез көрсетті. Соның нәтижесінде жеңіске бір табан жақын болдық. Қос қапталдан жасаған шабуылдан нәтиже шығардық. Алда азулы "Қайратпен" кездесеміз. Енді демалыссыз жаттығу жұмыстарын жүргіземіз,-деді.
    Жексенбідегі жиын
Бапкер сөзіне берік екен. Маңайындағы көмекшілерін жинап жексенбіде командаға жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды. Жауапты ойынға жауапкершілікпен қарағаны қуантады. Жаттығу барысында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы келіп, футболшылармен аз-кем әңгімелесті. Клубтың №1 жанкүйері әрқашан "Қайсармен" бірге болатынын айтты.
– Қазір стадионды қайта жаңғырту жұмыстары сапа стандарттарының талаптарына сай өз деңгейінде жүргізілуде. Келесі жылы сол жағалауда 3500 орынға арналған жабық алаңның құрылысы басталады,- деді әкім.
Рас, қолдау бар да нәтиже бар. Сырдың бас командасы алдағы кездесулерде жанкүйер мерейін асырады деген сенім бар. Елу жылда ел жаңа демекші жарты ғасырлық тарихы бар команданың Еуропаға саяхаты басталар күн алыс емес.
27 қыркүйек 2018 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 (275)

13 желтоқсан 2018 ж.

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31