» » Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір

Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір


Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір, деп хабарлайды vesti.kz.
Бұл жайында Испанияның AS басылымы жазды. «Корольдік клуб» португалдық ойыншыны сататындай, болмаса футболшының өзі команда ауыстырғысы келетіндей жағдай туа қалса, ұсыныс білдіруге асыққан командалар жетерлік екен. Соның ішінде үш клуб ерекше ықылас танытуда. Оның бірі – Лондонның «Челси» командасы деген деректер де бар. Жақын күндері үш клубтың бірі Роналдуға қатысты ресми ұсыныс жасап көрмек екен.
Роналду мадридтік клубтың өзгертілген жаңа келісімшартын күтуде. Егер 4-5 аптаның ішінде ойыншының көңіліне қонымды өзгертілген жаңа келісімшарт ұсынылмаса, команда ауыстыруға ниетті көрінеді.
Айта кетейік, осыған дейін батыстық басылымдар Роналду «Реалдан» өзін өзге командаға сату туралы айтқанын жазған болатын. Кей басылымдар футболшы клуб президенті Флорентино Переспен дүрдараз екенін де жазуда.
Роналду «Реал» сапында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Командамен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.
14 қаңтар 2018 ж. 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930