» » АУЫЛДАҒЫ АЛАМАН

АУЫЛДАҒЫ АЛАМАН

Жаңақорған ауданы Машбек ауылында  «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туған жастар арасында республикалық турнир  өтті.
Ауылдағы айтулы аламан спорттың бірнеше түрінен өрбіді. Алдымен қазақ күрсінен өткен турнирге  облыс орталығынан  11 команда 100-ден аса спортшы  8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыстың қорытындысына зер салсақ:
55 келіде Ердәулет Салыбеков (Қызылорда), 60 келі салмақ дәрежесінде: Олжас Оразалыұлы (Қызылорда), 66 келіде: Әділет Құлшым (ұлттық құрама), 74 келіде: Бижан Елібай (Алматы қ.), 82 келіде: Сұлтан Зарықбай (Жамбыл), 90 келіде: Мейірбек Байжігіт (ұлттық құрама), 100 келіде: Жансерік Жұмабай (ұлттық құрама), +100 келіде: Сұлтан Серікбай (Жамбыл) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ,  қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық Еламан Ерғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Ал алматылық Руслан Әбдіразақов  пен қызылордалық Нұрым Сәлімгереев ІІ және ІІІ орынды иеленді.   
 Жарыс волейбол және шағын-футболға ұласты. Волейболға 7 команда, шағын-футболға 12 команда қатысып, кім мықтыны анықтады. Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша Машбек ауылы топ жарды. Шағын-футболдан «Сығанақ» командасына тең келер қарсылас табылмады. Жеңімпаз және жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының медаль, грамота және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
26 қазан 2018 ж. 166 2

Гость JeaKeenny от 21 ақпан 2019 00:28
India Pharamcy Zoloft Vente Cialis En Pharmacie buy dapoxetine online usa Propecia Effects On Women Interactions

Гость JeaKeenny от 11 наурыз 2019 07:15
Levitra 60 Mg Fucibet Cream 30g 100 Mg De Kamagra where to buy cialis online safely Zithromax Off Patent Compare Viagra Prices Uk Viagra Versand Preisvergleich

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031