» » Бүкіләлемдік бокс кеңесі GGG-ді «Жыл боксшысы» деп атады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі GGG-ді «Жыл боксшысы» деп атады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 9 қаңтар күні ұйымның өткен жылғы жұмыстарын қортындылап, жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы 9 номинация бойынша 2017 жылдың үздіктерін (The best WBC 2017) анықтады. Қортындысында WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин ұйымның «Жыл боксшысы» және «Жыл жекпе-жегі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Тайландтық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи «Жылдың үздік нокауты», америкалық боксшы Деонтей Уайлдер «Жылдың үздік өнер көрсетушісі», Мигель Анхель Гарсия «Жылдың үздік қайта оралушысы», Флойд Мейвезер және Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек «Жыл оқиғасы», швециялық боксшы Баду Джек «Жылдың үлгілі чемпионы», мексикалық Мигель Берчельт «Жылдың жаңа супер жұлдызы», мексикалық Эдуардо Эрнандес «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпаздары атанды. Айта кетейік, Геннадий Головкин 2017 жылы 12 раундтық 2 жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде «GGG» WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобсты (33-2-0, 29КО) төрешілер шешімімен жеңіп, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34КО) белдесуі тең нәтижеде аяқталып, барлық чемпиондық атақтарын қорғап қалды.
10 қаңтар 2018 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930