» » БІРДЕ БАҚЫТ, БІРДЕ ҚАЙҒЫ

БІРДЕ БАҚЫТ, БІРДЕ ҚАЙҒЫ

  Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирін бастап кетті. Іріктеу кезеңінде қос бірдей кездесу өткізген Ұлттық құрама  алғашқы ойында сенсация жасады. «Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде шотландиялық қарсыласына үш гол соғып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Ел Ұлыбританияның ұлы құрамасын мұндай есеппен жеңетініне мүлде сенбеді. Кездесу басталысымен Перцух жылдам гол соғып, қарсылас ойыншыларды есеңгіретіп тастады. Артынша Ян Вороговский де көзге түсіп есепті еселеді. Бұл голдан кейін ұлттық құрама ойыншылары жігер алып, алаңда ширақ қимылдай бастады. Кездесудің екінші бөлігі басталған сәтте Бақтияр Зайнутдиновтың басымен бағыттаған добы қақпаның жібек торынан табылды. Мұнан кейін қос қарсылас шабуылға ұмтылғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Есеп 3-0.  Күтпеген  жеңістен кейін көпшілік Ресей құрамасында сан соқтырып кетеді деп болжам жасады. Дегенмен 24 наурызда өткен ойын мүлде басқа форматта өрбіді. Нұр-сұлтан қаласында болған кездесу 0-4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы ойынды ширақ бастаған болатын. Алайда бірінші таймның алғашқы сәтінде-ақ  Денис Черышев қақпаны дәл көздеп, Ресейді алға шығарды. Осы Денис үзіліске кетер тұста тағы да мергендігімен танылды. Екінші таймда да ұлттық құраманың ойыны жүрген жоқ. Керісінше ресейліктердің асығы алшысынан түсті. 52-минутта Артем Дзюба есепті 0-3-ке жеткізсе, он минуттан кейін Абзал Бейсебеков өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша, екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы бір жеңіс, бір жеңіліспен 3 ұпайды қоржынға салды.
Ерасыл ШӘРІБЕК
31 наурыз 2019 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031