» » АЛАМАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

АЛАМАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

  Қызылордалық "Қайсар" премьер лиганың ІІІ тур ойынында түзде "Ертіс" командасымен жолықты. Өз алаңындағы сәтсіз ойындардан кейін Стойчо Младенов шәкірттері қонақта ұпай алу үшін аттанған еді. Керекуде кездесу басталысымен қасқырлар сауатты ойнап, ұпай алу үшін келгенін байқатты. Алғашқы шабуылды да қасқырлар ұйымдастырып, шабуылшылар ойынға сәтті араласты. Алдымен Тигран Барсегиян оң қапталмен Куле Мбамбоға пас асырған, әйткенмен Куле шабуылды түйіндей алмады. Аталмыш ойыншы Қазақстандағы дебюттік кездесуін өткізді. Ойынның бірінші жартысында қос тарап та гол салуға мүмкіндік жасағанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Кездесудің екінші бөлігінде Стойчо Мырза ойыншыларды оңтайлы алмастырды. Куленың орнына Пуношевацты қосса, Гурманның орнын Байжанов басты. Қос ойыншы алаңға беттегеннен ойын мәнері 90 градусқа өзгерді. Тіпті қасқырлар өз алаңында доп теуіп жүргендей әсер қалдырды. Кездесудің аяқталар тұсында Тигран Барсегян айып алаңында Мақсат Байжановты байқап, допты әріптесіне бағыттады. Бұл мүмкіндікті капитан қалт жібермей, командасына алғашқы жеңісті сыйлады. Есеп 0-1!
Гол: Мақсат Байжанов, 90+2 0-1
"Иртыш": Антон Цирин (В) – Станислав Лунин (Сағыдат Тұрсынбай), Каспарс Дубра, Урош Витас, Дмитрий Шмидт – Аслан Дарабаев, Патрик Хиди, Роджер Каньяс, Магомед Парагульгов, Карлос Фонсека (К) – Милан Миросавлев.
"Кайсар": Александр Григоренко (В) – Александр Марочкин, Иван Граф, Абдель Ламанж, Ілияс Әмірсеитов – Тигран Барсегян, Джошуа Джон(Карлитос), Марк Гурман (Мақсат Байжанов), Думан Нәрзілдаев, Асхат Тағыберген (К) – Куле Мбомбо (Братислав Пуношевац).
Ерасыл ШӘРІБЕК
05 сәуір 2019 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031