» » GGG АДАМСПЕН АЙҚАСАДЫ

GGG АДАМСПЕН АЙҚАСАДЫ

  Орта салмақтағы үш белді нұсқа бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған  Геннадий Головкин біраз уақыт шаршы алаңнан бой көрсетпеді.
Енді даңқты отандасымыздың қай күні және кіммен күш сынасатыны белгілі болды. GGG 8 маусымда Брэндон Адамспен айқасады. «Зеңбірек» деген лақап атпен танымал 29 жастағы АҚШ боксшысы 23 мәрте рингке көтеріліп, 21 рет жеңіске жеткен. 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Былтырғы жылы Адамс төрт кездесу өткізіп, барлығында басым болды. Ол өз жерлестері – Тайрон Брансон, Эрик Уокер және Шейн Мослиден (кішісі) бөлек, Украинаның мақтанышы, әлем чемпионы Евгений Хитровтан айласын асырды.
АҚШ-та өтетін айтулы жарыстың басты жекпе-жегінде жергілікті боксшы Демитриус Андраде мен польшалық Мацея Сулецки шеберлік байқасады.

Бибарыс Ғалымұлы
06 сәуір 2019 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 17 (294)

25 сәуір 2019 ж.

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930