» » ФЕНОМЕН САҒЫНЫШЫ

ФЕНОМЕН САҒЫНЫШЫ

  YouTubeта да, Googleда да сол ахуал, "Ronaldo" деп жазсаңыз кемінде төрт тақырып Криштиану шығады да тұрады. Осыдан-ақ білеміз бүгінгі күн футболында Ronaldo деген атты еуропалық Роналду, яғни Криштиану Роналду иеленіп болған. Осыған қарамай миллиондаған жанкүйерлердің көңіліндегі орын Роналдуға босатып берілмеген, бразилиялық Роналдоның ерекше әрекеттері әсіресе гол соғу қасиеті жақын уақытта оның орнын басқа бір футболшы баса алмайтынына жарқын дәлел.
       1996 жылғы Еуропа чемпионаты өткізілгенде ФИФА анықтаған әлемнің ең жақсы футболшысы атағын сол турнирге қатысқан футболшылар алмаған не Бирхофке, не Заммерге ФИФА бриллиант допты тапсырмаған. Бапкерлер 20 жасар бразилиялық жұлдыздың финттеріне ғашық болып қалған еді. Роналдо 1997 жылда да Еуропа мен жаһанда үздік болды. Бұған енді журналистер де шыдап тұра алмады. Еуропа чемпионаты өткізілген маусымда басқа құрлық футболшысының ең үздік болуы 2004 жылы да қайталанды, Роналдиньо деген бразилиялық сиқыршы шыққанда ешкім грециялық Загоракисті теңсіз деп таппады. Демек өмір өз қаһармандарын ақырын ауыстыратынына тағы да көзіміз жетті. Бірақ бір айтатыным, Роналдодан басқа барлық футбол жұлдыздары, "данышпандары" жартылай қорғаушылар болған - Ромарио, Зидан, Фигу, Бекхэм, Бергкамп, Дель Пьеро, Роналдиньо, Кака, Роналду, Месси және бұлардан кейінгі эшелондағы бірқатар жұлдыздар. Кейбіреулері ұлттық құрамаларын нәтижеге алып бара алды, базбіреулері тек клуб үшін туған футболшы болып тарихтан орын алды. Тек Роналдо ғана шабуылда ойнап құрамның жүрегі бола алатынын дәлелдей алды. Ең маңызды сәттерде, ең маңызды голдарға авторлық жасады. Көпшілік сияқты мен де Роналдоны Пеленің нағыз ізбасары деймін. Роналдо ғасыр футболшыларының бірі еді. Бразилиялық феномен футболдан алыстаған сайын қадірі өсіп бара жатыр. Жас футбол жанкүйерлері Ибрагимовичтың акробатикалық соққыларын көріп рахаттанар, Дрогбаның допқа жолбарыс сияқты тап беруіне тамсанатын болар, Рамостың қорғаушыдан жылдам әрекет жасап гол соғуын еске алар, Модричтың алаңдағы фантастикалық әрекеттерін ұмытпас, Лэмпардтың пенальтиді зергерлікпен орындайтынына тәнті болар, Роналду және Мессидің он жылдық гегемондығын ұмытпасы анық бірақ осылардың барлығын қоссақ та Роналдо шықпайтындай сезіледі. Роналдо әрекет еткен сызық қимылдамай тұрғанын көріп әлем футболына жаным ашиды. Ең жақсы футболшы болу үшін тек жартылай қорғаушылар таласып жатқанын көріп Роналдоны екі есе сағынамын. Енді әлем футболы ойын мәселесін шешетін данышпан шабуылшыларды басқа көрмей ме деп ойланамын кейде.
       Роналдоның ғажайып футболшы екеніне қарапайым мысал, Франциядағы әлем чемпионаты финалында Роналдо өз дәрежесінде ойнай алмады. Сол ойыннан кейінгі түрлі әңгіме-сөздерде жанкүйерлер арасында да, тілшілер арасында да "Роналдо финал ойынынан алдын уланған екен" немесе "Роналдо сатылған екен" деген өсек өрбіген. Жоғарыдағы өсектер мен пікірлер әрине қате және бұл сөздерді негіз етіп алайын деген ниетіміз де жоқ. Бірақ сол кезде көпшіліктің осы сөздерге сенгені таңқалдырады. Байқаған боларсыз Роналдоның бір ғана сенімсіз ойыны осыншама әңгіме келтіріп шығарған. Біз қазірде көптеген жұлдыздардың тіптен Роналду мен Мессидің сәтсіз, ойыны шықпаған кездерді көп көреміз және қарапайым ғана қабылдаймыз. Әрбір футболшымен болып тұратын жағдай дейміз мұны. Роналдоның бір ғана нашар ойынын бүкіл әлем қабылдай алмаған, бір ғана ойынын...
       Әлем футболы тек Криштиану Роналду мен Лионель Мессиден ғана тұрады деп ойлайтын жас футбол жанкүйерлеріне айтарымыз - сол алтын дәуірден кештеу дүниеге келдіңіздер, футбол Роналду мен Мессиден тұрады деп ойламауларыңыз үшін сәл ғана ерте дүние есігін ашуларыңыз керек еді, өкінішке орай бұл іс сіздердің қолдарыңызда емес...
                                                                                Абдулла  БЕКӘДІЛҰЛЫ
                                                                                 Қорқыт Ата атындағы
                                                                                    ҚМУ магистранты
11 мамыр 2019 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031