» » ЖАС ТАЛАНТ ЖОАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ЖАС ТАЛАНТ ЖОАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

  Португалия футболының болашағына баланатын 19жастағы  ойыншы Жоау Фелиш  туралы біле жүріңіздер.
Керек болмаған жұлдыз
«Бенфиканың» басты жұлдызына айналып келе жатқан жас шабуылшы біріншіліктегі басты қарсыласының бірі «Порту» академиясынан шыққанын көпшілігі біле бермейді. Кезінде Жоауды 15 жасында физикалық əлеуеті əлсіз деп «Порту» академиясы ары қарай тəрбиелеуден бас тартады. Ал қазір бармақ шайнап отырғаны анық. Өйткені сол бала осы күндері күллі Португалия мақтанышына айналып келеді. Бұл жайтқа қатысты «Портудың» экс-капитаны Родолфо Рейш: «Фелиштен күдер үзіп, лайықты емес деп тапқан адамның академия қабырғасында қалай жұмыс істеп жүргеніне таң қалам» деп клуб скауттарын сынаған болатын. Өз кезегінде «Порту» жастар командасының басшылығы «Бенфика» тарапынан тым жоғары жалақы ұсынылған соң ойыншының өзі бас тарта алмады деп ақталғандай болды.
Лиссабонға қоныс аударған беттен жаңа командаға тез бейімделіп, келісті ойын өрнегін көрсете бастады. «Бенфика» жейдесінде 2 девизионда гол соққан ең жас футболшы атанды. Дəл осы сəтті Руй Виторидің орнына енді отырған Бруно Лаже  Фелишқа сенім артып, бірінші команда да ойната бастады. Бұл жолы да сенім үдесінен шыққан Фелиш «Спортингпен» болған екінші ойында есепті теңестіріп, ересектер арасындағы алғашқы голын салды. Жалпы 2018-19 жылғы маусымда 37 матчқа қатысқан шабуылшы 16 гол соғып, 9 рет нəтижелі пас беріп үлгерді.
Дербидегі дүбір
Қай кез болсын Лиссабондағы екі клуб «Бенфика» мен «Спортинг» арасындағы дерби қызыққа толы өтетін. Биылғы маусымдағы екінші кездесуде де «Бенфика» 4-2 есебімен жеңіске жетті. Өзінің бұрынғы командасының ойынын көруге келген Роналдудың алдында Фелиш бір гол салып, матчтың үздік ойыншысы атанды. Ойыннан кейін «Бенфика» вице-президенті Руй Гомеш: «Бүгін алаңда Португалияның ең үздік ойыншысы доп тепті. Роналдудың оны көруге келгені қандай ғанибет» деп əзіл-шыны аралас сөзбен КриРоның шымбайына тиюге тырысады.
Əмбебап – Фелиш!
19 жастағы сұрмерген шабуылдың кез келген позициясында ойнай алады. Дегенмен қос қапталға қарағанда алаң ортасында жиі шығып жүр. Сұңғыла бойына қарамастан Фелиштің басты артықшылығы, допты жақсы бақылай алады жəне жылдам қимылдайды.
Трансфердегі құны қандай?
Биыл маусым басталарда Фелиш «Вест Хэм» қатарына қосылуы бек мүмкін болған. Алайда клуб директорының іске араласуымен командада қалды. Ал қазір «Бенфика» Жоао Фелиш үшін 120 миллионның өзін азсынып отыр. Бұл ойыншыға қызығушы ТОП клубтар қатарында «МЮ», «МС», «Реал», «Бавария», «Арсенал», «Ювентус» «Барселонаның» болуы да таң қалдырмайды. Фелиштің өзі болса АПЛ да ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан еді.
17 мамыр 2019 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031