» » "Манчестер Сити" маусымда алғаш рет ұтылды

"Манчестер Сити" маусымда алғаш рет ұтылды

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" футбол клубы 2017/2018 маусымдағы ағылшын премьер-лигасында алғаш рет ұтылды. Жеңіліссіз келе жатқан команда ХХІІІ турда "Ливерпульге" есе жіберді. "Энфилд" стадионында өткен ойын нәтижелі болды. Кездесуде Юрген Клопп жаттықтыратын алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті. 9 минутта  Алекс Окслейд Чемберлен "Ливерпульді" алға шығарды. Алайда бірінші тайм аяқталғанша "Манчестер Сити" есепті теңестіре білді. 59 минутта Роберто Фирмино алаң иелерін алға шығарды. Араға екі минут сала Садьо Мане қонақтар қақпасына үшінші голды тоғытты. 68 минутта қақпашы Эдерсонның қателігін ұтымды пайдаланған Мұхаммед Салах есепті 4:1-ге жеткізді. Ойын аяқталар уақытта "Манчестер Сити" қамшы басты. 84 минутта ойынға жаңадан қосылған Бернарду Силва есепті қысқартты. Ал негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттардың бірінде Илкай Гюндоган "қалалықтардың" ойындағы үшінші голын соқты. 
15 қаңтар 2018 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930