» » ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ

ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ


Биыл Сыр елінде байрақты бәсекелердің біршамасы өтіп, Қазақстан құрамасына іріктеулер жасалды. Мысалы, сәуір айында елдің мықты боксшылары құрамаға ілігу үшін Сырдың шаршы алаңында сынға түсті. Бұл бір ғана дерек: өткен сенбіде татами шеберлері Қызылордада бас қосты.  "Еуразия" спорт кешенінде дзюдодан 2004-2005 жылдары туған  жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елімізде аталмыш спорт түрін дамыту және үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа елдің барлық аймағынан 530 спортшы сайыстың көркін қыздырды.
Бұл бәсекеде қызылордалық саңлақтар 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Жекелей есепте Зарина Хуснадин (36 келі) мен Самал Мəлікқызы (40 келі) Қазақстан чемпионы атанса, Дина Мұханбет (40 келі), Абай Таңат (73 келі) жəне Нұрахмет Искаков (+73 келі) күміс жүлдеге ие болды. Мадияр Мақаш (46 келі) пен Динара Махамадияроваға (52 келі) қола жүлде бұйырды.
Ел чемпионатында қарағандылық спортшылар бірінші, Алматы қаласының командасы үшінші орынды еншіледі.
22 маусым 2019 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031