» » 20 жасар түркістандық Ералхан – ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы

20 жасар түркістандық Ералхан – ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы


Садақ ату – мергендік өнер. Бүгінде  сұрмергендердің атқан оғы жерге түспейтін садақ ату өнері ұлттық спорт түрі ретінде дамып келе жатыр. Әсіресе  соңғы уақытта елімізде ұлттық спорт қауымдастығы жыл сайын түрлі республикалық, халықаралық жарыстар өткізуді дәстүрге айналдырған. Мұнда сайысқа қатысушы мергендер аттың үстінде шауып келе жатып, екпінді бәсеңдетпестен белгілі бір қашықтыққа қойылған нысананы садақпен дәл атып, құлатуы керек. Осындай мергендікті талап ететін ат үстінен садақ ату спортынан «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында «Алтын жебе»  турнирінен I Әлем чемпионаты өтті. Мұнда  20 жасар түркістандық мерген Ералхан Айкоз тұңғыш әлем чемпионы атанып, көк байрағымызды көкте желбіретті. Дүниежүзінің 12 елінен 25-ке жуық  айтулы мерген-спортшы бақ сынаған мұндай ауқымды жарыста бозбаланың адал еңбегімен жеткен   жетістігін нағыз ерлікке балауға болады. 
Жас мерген Ералхан Айкоз 1999 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Майбұлақ аулында дүниеге келген. Облыстық спорт мектебінің түлегі қазіргі кезде Шымкент қаласында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алуда. Қазір жоғары оқу орнының 3-ші курсын аяқтаған ол болашақта садақ атудан жаттықтырушы болуды армандайды. Ералхан бұл спорт түрімен 2015 жылдан бастап шұғылданып келеді екен.

– Бұл спортқа қызығушылығымды алғаш рет спорт мектебіндегі жаттықтырушым Ербұлан Бекбосынов оятты. Сол кісі маған ат үстінде садақ атудан алғашқы сабақтар беріп, білім көкжиегімді кеңейтті және оны тәжірибе жүзінде қалай атып, қалай дөп көздеу керектігін үйретті. Сол күннен бері осындай қызықты да қиын спорт түрімен айналысып келемін, - дейді Ералхан Айкоз.
Материал El kz сайтынан алынды
27 маусым 2019 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930