» » ҚПЛ: "ТАРАЗБЕН" ТЕҢ ТҮСТІК

ҚПЛ: "ТАРАЗБЕН" ТЕҢ ТҮСТІК

Елімізде футбол бәсекесі қызып тұр. Командалардың дені бабында. Мұны өткен жексенбіде өткен Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында байқадық. Бұл турда қасқырлар аутсайдердің бірі "Таразды" қабылдап, 1-1 есебімен тең тарқасты. Стойчо шәкірттері кездесу басталысымен үш ұпай алу мақсатында жылдам шабуылға көшті. Небәрі 5 минутта шабуылшы Куле Мбомбо есеп ашып, қасқырларды алға шығарды. Дегенмен "Қайсар" ойыншылары сусымалы есепті сақтап қала алмай 30 минутта қақпаларына доп енгізіп алды. Қарсылас команданың ойыншысы Абзал Таубай қақпашымен жеке дара шығып, есепті теңестіріп кетті. Бұл голдан кейін "Тараз" қорғанысқа жастана жатып, Қызылордадан бір ұпай алып қайтуды мақсат тұтты. Кездесудің екінші бөлігінде алаң иелерінде гол соғатын мүмкіндіктер мол болғанымен сәттілік серік болмады. Осылайша Сыр алаңында ойнаған қос ұжым 1 ұпайдан еншіледі.
"Қайсар" - "Тараз" 1:1 (1:1)
Гол салғандар: Мбомбо Куле 5 (1:0), Таубай Абзал 30 (1:1)
"Қайсар": Марсель Исламқұлов, Тигран Барсегян (Игорь Зенькович 73), Иван Граф, Джон Джошуа, Ілияс Әмірсеитов, Абдель Азиз Ламанж, Александр Марочкин, Куле Мбомбо (Братислав Пуношевац 46), Думан Нәрзілдаев, Асхат Тағыберген (к) (Мақсат Байжанов 87), Марат Хайруллин.
"Тараз": Мұхаммеджан Сейсен, Мақсат Әмірханов (к), Лаша Касрадзе, Жақып Қожамберді (Рибейро Дантас Эливелто 52), Жиан Дос Сантос Мартинс, Серж Ньюадзи, Игорь Пикалкин (Бекзат Шадманов 46), Берік Айтбаев, Неманья Суботич (Михайло Йованович 83), Әлішер Сүлей, Абзал Таубай.
01 шілде 2019 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829