» » Артаев Сыр жастарымен жүздесті

Артаев Сыр жастарымен жүздесті

  Өңірге Олимпиада чемпионы, еліміздің мақтанышы, бүгінде «Тарлан батырлары» мекемесінің директоры Бахтияр Артаев «Тарлан» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ұжымы және спортшылармен кездесіп, өскелең ұрпақты теріс жолдан тиып, тек жетістікке жетелеуші – спортқа баулуға шақырды. Кездесу барысында бұқаралық спортқа тұрғындарды көптеп тарту жайы да талқыланды. Мұнан соң Олимп жеңімпазы өңір жастарымен кездесіп, көкейдегі сауалдарына жауап берді. Ел мақтанышы жастарды саламатты өмір салтын сақтауға, зиянды әдеттерден  аулақ болуға, еліне пайдасын тигізетіндей іспен айналысуға шақырды. Сондай-ақ боксшы өз тәжірибесімен бөлісіп, қажетті кеңестер беріп, спортпен шұғылдануға үндеді. Сонымен бірге «Тарлан батырлары» мекемесінің басшысы ретінде спорт орталығының алдағы жоспарларымен бөлісті.
"Ең бастысы, қазіргі таңда  жастар спортқа деген қызығушылығын әлі жоғалтқан жоқ.  Мысалы, Тарлан спорт кешенінің сыйымдылығын 350 адам деп көрсеткенімізбен бүгінде 500-ге жуық  жас спортпен шұғылдануда. Біз мұндай көрсеткішпен қуаныштымыз. Спортқа  келем деушілердің барлығына жоғары қызмет көрсетуге дайынбыз" деді, Бахтияр Ғарифоллаұлы.
Жиын соңында жастар Олимпиада чемпионымен естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды.
07 шілде 2019 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031