» » ОҢТҮСТІК ДЕРБИДЕ "ҚАЙСАР" БАСЫМ БОЛДЫ

ОҢТҮСТІК ДЕРБИДЕ "ҚАЙСАР" БАСЫМ БОЛДЫ

   Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры тартысқа толы болды. Бұл турда қасқырлар "Ордабасыға" қонаққа барып, алаң иелерінен жеңісті жұлып алды. Оңтүстік дерби саналатын бұл кездесу қашанда қызу қанды өтеді. Сондықтан Шымқаладағы ойын 16 турдың орталық матчы саналды. Матч кешкі 19-00 де Рахымбаевтың ысқырығынан кейін басталды. Ә дегеннен алаң иелері сес көрсетіп, алғаш болып қауіпті шабуылды ұйымдастырды. "Ордабасының" бразилиялық легионері Жоау Паулоның айып алаңында тепкен жойқын соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Мұнан кейін "Қайсар да" қарымта шабуыл ұйымдастырып, Непагодовтың әуселесін байқап көрді. Ойынның 37 минутында Дамир Дәуітов жоқ жерден қателікке бой алдырып, Куле Мбомбоның гол соғуына мүмкіндік жасады. Есеп 0-1. Араға 3 минут салып, алаң иелері есепті теңестірді. "Қайсардың" экс ойыншысы Тоқтар Жанқылышбай қақпашы Исламқұловтан кері қайтқан допты шебер орындап, таблодағы есепті 1-1 ге өзгертті.
Кездесудің екінші бөлігінде қауіпті шабуылдың басым бөлігін қонақтар ұйымдастырды. Тіпті 11 метрлік айып добы белгіленетін бірнеше сәттер байқалды. Дегенмен бас төреші Рахымбаевтың ысқырығы сол сәтте үнсіз болды. Кездесу аяқталар тұста Стойчо бапкер жас шабуылшы Өркен Маханға мүмкіндік беріп, алаңға шығарды. Төрешінің қосқан 6 минутының бітер тұсында Өркен бұрыштамадан асырған допқа бірінші жетіп, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 1-2!
Матч аяқталған сәтте алғашқы голдың авторы Куле Мбомбоны әңгімеге тартып, ойын жайлы пікірін сұрадық.
– "Ордабасыға" қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Әр ойыншы өз позициясында сауатты ойнады. Соның арқасында "Ордабасыны" жеңдік. Біз мықты ұжымбыз! Әр ойын сайын гол салып, командама қол ұшын созғым келеді. Бұл ойым барынша жүзеге асуда. Сонымен қатар көп шақырымды артта қалдырып, бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғысым ерекше!
07 шілде 2019 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30