» » НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ

  Неапольдегі дүниежүзілік «Универсиада-2019»  әлемдік байқауында Қазақстан спортшылары жеті медальға қол жеткізді. Ел құрамасында спорттың әр түрінен  үздік 94 сайыпқыран бар. Олар ел намысын қорғауда аянбай күресті. Қол жеткен жеті медальдің ішіндегі жалғыз алтынды қоржынға дзюдо спортынан бақ сынасқан Ғалымжан Қырықбай салды. Айқын жеңіске жеткен отандасымыз осылайша Қазақстан туын көкте желбіретті. Екінші орынның биігіне қазақстандықтар 5 мәрте шықты. Гимнастикадан күміс медаль еншілегендер қатарында Нариман Құрбанов пен Милада Карими бар. Жеңіл атлетикадан Михаил Литвин, таэквондодан Смайыл Дүйсебай, стенд атудан Зоя Кравченколарға да  екінші орын бұйырды. Стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова үздік үштікті түйіндеді. Командалық есепте Қазақстан 25-орынға тұрақтады. Өткен жылы Тайбэйде өткен Универсиадада отандастарымыз үш алтын, алты күміс, жеті қола алған болатын. Ал алты бірдей алтыннан алқа таққан сәтіміз 2015 жылы Кванджудегі бәсеке. Ол – Қазақстан қоржынындағы жоғары жетістік болған.
21 шілде 2019 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031