» » ТІЛЕГЕН ТЫНАРБАЙ АЗИЯНЫ БАҒЫНДЫРДЫ

ТІЛЕГЕН ТЫНАРБАЙ АЗИЯНЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы 17 жасар Тілеген Тынарбай Тайпей қаласында (Тайвань) дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында еліміздің абыройын асқақтатты. 66 келіде өнер көрсеткен жас спортшы төрт кездесудің төртеуінде де қарсыластарын таза жеңіспен ұтып, Азия чемпионы атанды.
Тілеген осы жеңісіне орай дзюдодан ҚР спорт шебері атағын орындады. Оның алдағы мақсаты – қыркүйектің 24-29 аралығында Алматы қаласында өтетін Əлем чемпионатында топ жару. Біз Тілегеннің бапкеріне хабарласып, қуаныштарына ортақтастық.
Арман Молдаханов, бапкері: 
---Шәкіртім төбемді көкке көтерді. Қуанып жатырмыз. Төрт кездесу жасады. Солтүстік Кореяның, Тәжікстанның, Моңғол палуандарына дес бермеді. Ақтық айқаста Ирандық батырмен шықты. Тілеген төртеуіне де тізе бүктірді.  Таза жеңіс болды. Енді алда үлкен дайындық күтіп тұр. Тамыздың 4-18 аралығында Алматы қаласында және Венгрияда жаттығуларымыз күтіп тұр. Әлемдік додаға қатысатын болған соң дайындығымызды күшейтеміз. Себебі әлем елдерінде дзюдоға көп көңіл бөлінеді. Жасөпірімдер үлкен дайындықпен шеберлікпен келері сөзсіз. Тілегенде рухты жігіт. Оқушыма зор сенім артамын.
Гүлбану МАҚАЖАН
28 шілде 2019 ж. 1 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829