» » Үздік үштікке үміттіміз

Үздік үштікке үміттіміз

  Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Ресей құрамасымен кездесті. Матч Калининград стадионында өтті. Қос қарсыластың кездесуі аса тартысты басталды. Мамандар мен сарапшылар бұл ойында сөзсіз Ресейді фаворит санаған. Дегенмен Черчесов шәкірттері жылдам гол соғу және ойын тізгінін қолға алу жоспарын іске асыра алған жоқ. Қазақстан құрамасы сәтті қорғанып, жылдам қарымта шабуылға шыға білді. Екінші таймның орта шенінен бастап Ресей құрамасы қарқынды шабуылдай бастады. Ақыры ойынның 89 минутында ресейліктер өз дегеніне жетті. Головин асырған айып добына бірінші жеткен Марио Фернандес біздің қақпадан саңылау тапты. Құрамамыз Ресейдің алдында Кипрге қонаққа барып, тең (1:1) тең тарқасты. Қазақстан келесі кездесуін 10 қазан күні өз алаңында Кипрмен өткізсе, 13 қазан күні Бельгиямен күш сынасады. Іріктеу циклі Сан-Марино және Шотландия құрамаларына қарсы кездесумен аяқталады. Бұл ойындар қараша айында өтпек. I тобында турнир кестесін 18 ұпаймен Бельгия бастаса, Ресей құрамасы 15 ұпаймен екінші орында тұр. Үздік үштікті құрамамыз түйіндеп тұр. Онан кейін Кипр жайғасты Оларда да, бізде де 7 ұпайдан бар. Шотландия 6 ұпай жинаса, Сан-Марино ешқандай ұпайсыз.
14 қыркүйек 2019 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031