» » БАЛУАНДАР ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

БАЛУАНДАР ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

Апта басында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрінен әлем чемпионаты басталып, балуандар бабын байқатуда. Грек-рим күресі бойынша сынға түскен балуандар ел қоржынына қос медаль салды.
Соның бірі – ел құра­масының мүшесі, 55 кило сал­мақта бақ сынап, аталған чем­пионаттың күміс ме­­­даль иегері болған Қор­лан Жақанша. Бұл ел тәуел­сіз­дігінен кейін қа­зақ ұландары арасынан қол жет­кізген төртінші күміс жүлде. Бұған дейін Бақ­тияр Байсейітов (1995), Ал­­мат Кебіспаев (2011) жә­не өткен жылы Будапешт тө­рінде 59 кило салмақта өнер көрсеткен Мей­рамбек Айна­құлов ие болды.
Қорлан 2014 жылы әскерилер арасында әлем чем­пионы атанса, өткен жылы Азия біріншілігінің қола жүл­десін еншілеген. Бұл  жарыста ол бірінші айна­лымда алжирлік Фергат Аб­дель­карим­ді 11:5 есебімен жеңіп, ширек финалда АҚШ балуаны Ноури Макстан 3:2 ұпаймен басым түсті. Ал жар­тылай финалда өт­кен жылғы әлем чемпионы әзер­­байжандық Эльдениз Азиз­лиді 11:5 есебімен ойс­ыра­та жең­ді. Финалдық белдесуде әлем және Еуропа чем­пио­­на­ты­ның қола жүл­­дегері, грузин балуаны Нуг­зари Цурцумиямен бел­десіп, оған есе жіберді.
Балуанның жеке бапкері Әсет Иманбаевтың айтуын­ша, негізгі дайындықты Э.Азиз­лиге қарсы жасаған екен. Бұл өз кезегінде нәтиже берді. Бірақ грузин жігітіне қарсы бел­десуде шәкіртім тым асы­ғыстық танытты дейді.
Ал қоржынға түскен екінші медаль, яғни қола жүлде иесі 63 килода бақ сынаған бұған дейін әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, құрама капитаны ‒ Алмат Кебіспаев. Бұл жігіт алғашқы кездесуінде үндістандық С.Сагарды қинал­май жеңді. Екінші айналымда өсіп келе жатқан қытайлық күшті балуан Ербату Туомен жолы түйісті. Бұл жігіт биылғы Азия біріншілігінде атақты балуан, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық қандасымыз Елмұрат Тасмұра­товтың өзін жеңіп кеткен еді. Бірақ Алмат оны 2:1 есебі­мен ұтты. Үшінші белдесуде әлем біріншілігінің қола жүл­дегері түркиялық Рахман Билижиді 7:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Өкініштісі финалдық кезең үшін болған бәсекеде Рио Олимпиадасының күміс жүл­дегері, өткен жылғы Азия ойын­дарының чемпионы, жа­пон жігіті Шинобу Ота­дан же­ңіліп, жұбаныш бел­­десуді қа­нағат тұтты. Ал қола медаль үшін бол­ған са­йыста қыр­ғыз­стандық Сәр­сенбековті же­ңіп, жеке өмір тарихында әлем чем­пио­на­тының төртінші ме­далін мойнына тақты.
Грек-рим күресінен кешегі күні өткен лицензиялық санат­тағы 60 және 77 кило салмақ дәрежесінде белдескен балуандарымыз қуантарлық нәтиже көрсетті. Әсіресе, жеңіл салмақ дә­ре­жесіне жататын 60 килода өнер көрсеткен Мейрамбек Айнақұлов шу дегенде, Бра­зилия елінің үміті, түбі өзі­міздің Тараз тумасы, Панамерика бірін­шілігінің қола жүлдегері 35 жасар сақа балуан Марат Гариповты қиналмай жеңді. Екінші айналымда литвалық Ю. Петраикюсты 4:2 есебімен ұтып, ширек финалдық белдесу бәсекесінде хорватиялық балуан Иван Лизатовикті 10:0 ұпаймен еркін еңсеріп, жарты­лай финалға өтті. Нәти­же­сін­де, біздің балуандар ара­сынан алғашқы болып Олим­пиада ли­цензиясына қол жет­кізді.
Ал 77 кило салмақта кү­рес­кен өткен жылғы Азия бі­ріншілігінің жеңімпазы Асхат Ділмұханбетов бірінші ай­на­лымда Чехия балуаны Олдрич Варганы екі минуттың ішінде 9:0 есебімен ұтып, екінші кезекте ресейлік атақ­ты балуан екі дүркін Олим­пиада және әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа же­ңім­пазы Роман Власовпен жолы түйісті. Көпшілік мамандар жеңісті әлдеқашан ресейліктің қанжығасына бай­лап тастағандай еді. Бірақ намысқа тырысқан қазақ баласы атағынан ат үркетін ре­сей­лікті балшықша иеледі. Есеп: 3:0. Осылай жеңіске жет­кен А.Ділмұханбетов жар­тылай финалдық бәсеке үшін Сербия мақтанышы 2017 жы­лы Парижде өткен әлем чем­пио­натының жеңімпазы Виктор Немешпен белдесті. Нәти­же ойдағыдай: күрес тағ­дыры 4:3 есебімен біздің жігіт­тің пайдасына шешілді. Осы­лай қоржынымызға екін­ші Олим­пиада жолдамасы келіп түсті.
21 қыркүйек 2019 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031