» » ҚПЛ: ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ҚЫЗЫП ТҰР

ҚПЛ: ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ҚЫЗЫП ТҰР

   Өткен жексенбіде ел клубтары тағы бір турды артта қалдырды. Чемпиондық тартыс әлі де қыза түсуде. Алғашқы алтылықта орналасқан командалардың қайсысы да біріншілік жеңімпазына лайықты өнер көрсетуде. 26 турда қызылордалық   "Қайсар" "Ордабасыға" қонаққа барды. Оңтүстік дербиде қасқырлар қарсыласына екі гол соғып, үш ұпайды еншіледі. Ойынның алғашқы жартысында қонақтар сауатты ойнап, шабуылдарынан нәтиже шығарды. Алдымен Тигран Барсегян оң қапталдан әріптесі Куле Мбомбоны тауып, есеп ашылды. Артынша конголық шабуылшы алаң иелерінің қорғаушыларын қапы қалдырып, қақпашы Непогодовпен бетпе-бет шығып, есепті еселеді. Кездесудің екінші жартысында қос команда да шабуылға ден қойғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Қорытынды есеп 0-2! Стойчо шәкірттері 40 ұпай еншілеп, әзірге 6 сатыда орналасса, «Ордабасы» 49 ұпаймен төртінші келеді.
Еліміздің айнасы атанған «Астана» өз алаңында әупірімдеп «Шахтерді» жеңді. Елордада өткен кездесуде 2-1 есебі тіркеліп, ел чемпиондары кезекті үш ұпайын еншіледі. Ақ бас Алатауда халық командасы «Қайрат» талдықорғандық «Жетісуді» қабылдап, тас талқан етті. Шпилевскийдің шәкірттері жауапсыз төрт доп соқса, Огай жігіттері жалғыз голмен жауап қатты. Нағыз текетірес Ақтөбеде өтті. «Атырау» командасы ақтөбеліктерге қонаққа барып, жеңісті уысынан шығарып алды. «Батыстық дерб» деп аталатын матчта «Атырау 1-2 есебімен алда тұрған. Алайда «Ақтөбе» командасы соңғы сәттерге дейін арпалысып, кембэк жасады. Осылайша батыс дербиде  3-2 есебі тіркелді. Керекуде «Ертіс» «Таразбен» күш сынасты. Тоқсан минуттық тартыста бір гол ғана соғылды. Бұл гол «Ертіске» үш ұпай сыйлады. Қазақстан Премьер-лигасының 26 турында тең нәтиже тіркелген  жоқ. Әзірге топ басында ‒ «Тобыл».   
Премьер-лига
Ме-сто
Команда
Ойын
Ұ
Т
Ж
Доп
Ұпай
«ТОБЫЛ» (Қостанай)
26
17
4
5
40-20
55
«ҚАЙРАТ» (Алматы)
26
17
2
7
49-22
53
«АСТАНА» (Астана)
24
16
2
6
48-21
50
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент)
26
14
7
5
36-16
49
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған)
26
12
5
9
34-20
41
«ҚАЙСАР» (Қызылорда)
26
12
4
10
33-32
40
«ШАХТЁР» (Қарағанды)
26
9
6
11
32-33
33
«ОҚЖЕТПЕС» өкшетау)
25
9
3
13
33-38
30
«ЕРТІС» (Павлодар)
26
7
4
15
16-37
25
«ТАРАЗ» (Тараз)
26
5
4
17
19-50
19
«АТЫРАУ» (Атырау)
25
4
6
15
16-42
18
«АҚТӨБЕ» қтөбе)
26
6
5
15
27-52
11*
20 қыркүйек 2019 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031