» » «БАРЫС» 9 ОЙЫННАН КЕЙІН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«БАРЫС» 9 ОЙЫННАН КЕЙІН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын «Барыс» 9 ойыннан кейін жеңіске жетті. Елордалық команда Екатеринбургте «Автомобилисті» 4:2 есебімен ұтты.Ойындағы бірінші шайбаны 9 минутта Ярослав Евдокимов соғып, «Барысты» алға шығарды. Екінші кезеңде үш шайба соғылды. Никита Михайлис 28 минутта елордалық команданы екі шайба басымдығымен алға шығарды. Хоккейші мұз айдын иелері қақпасына асқан шеберлікпен шайба соқты.
34 минутта «Автомобилист» сапынан Алексей Василевский нәтижені қысқартты. 39 минутта Роман Старченко «Барыстың» ойындағы үшінші шайбасын есепке тіркеді.
Үшінші кезең де нәтижелі болды. 47 минутта Роман Старченко ойындағы екінші шайбасын соғып, дубль орындады. 58 минутта «Автомобилист» сапынан Александр Торченюк команданың екінші шайбасын соғып, соңғы нәтижені тіркеді.

21 қаңтар 2018 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031