» » "Манчестер Юнайтед" - "Астана": матчтың айшықты сәттері – видео

"Манчестер Юнайтед" - "Астана": матчтың айшықты сәттері – видео

  Аты аңызға айналған "Олд Траффорд" стадионындағы матч қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды
Қазақстандық "Астана" клубы Англияның "Манчестер Юнайтедіне" қарсы қонақта өткен матчта ұтылып қалды. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Кездесудегі жалғыз голды екінші таймның соңына қарай, 73-ші минутта Мейсон Гринвуд соқты.
Ойын 75 мың көрермен сыятын әйгілі  "Олд Траффорд" аренасында өткен. Ұлыбританияда тұратын екі жүздей қазақстандық "Астана" клубына жанкүйер болуға барды.
Кездесу аяқталған соң "Астананың" бас бапкері Роман Григорчук қарсыластардың өзі күткендей ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті. Бапкердің өз футболшыларына өкпесі жоқ екен.
Бірінші турдан кейін "Астана" L тобында соңғы – төртінші орында тұр. Командалар топта былай орналасты: "Манчестер Юнайтед" — 3 ұпай, "АЗ Алкмаар" — 1, "Партизан" — 1, "Астана" — 0.
"Астана" футбол клубының "Манчестер Юнайтедке" қарсы қарымта матчы Нұр-Сұлтанда 28 қарашада өтеді.

20 қыркүйек 2019 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031