» » Бекарыстан бидің батырлары бақ сынады

Бекарыстан бидің батырлары бақ сынады

    Жастар жылы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, аудан деңгейінде ат спортының бұқаралығын арттыру, кеңінен насихаттау мақсатында Бекарыстан би ауылында ауыл күні мерекесі аясында теңге ілу және аударыспақтан аудандық ашық біріншілік өтті.
   Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы қатысып, аудан біріншілігінің маңыздылығына тоқтала отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ауыл мәдениеті мен спортын дамытуға сүбелі үлес қосқан ел азаматтарына ауыл күні мерекесі аясында аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Спорттық шараға қатысушы жастарға ауыл ақсақалдары батасын беріп, сәттілік тіледі. Жарыстың шымылдығын теңге ілу спортына тіркелген әрбір ауылдың спортшылары ашты. Бағы мен бабы қатар шапқан жастар жүлдеге ие болды.
   Жарыс жалғасы әр салмақ дәрежесі бойынша спорттың аударыспақ түріне ауысты. Ат спортына жақын деген Әйтеке би кенті, Бекарыстан би ауылы, Жалаңтөс батыр, Ү.Түктібаев, Майдакөл, Тасарық, Ғ.Мұратбаев ауылынан жастар қатысты. Аудан әкімінің қолдауымен, аудандық спорт бөлімі, Майдакөл ауылдық округінің ұйымдастыруымен өткізілген жарыс жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар марапатталды.
Бауыржан Ізмағанбетов
Бекарыстан би ауылы

29 қыркүйек 2019 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031