» » ҚАЙСАР" МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ЖҮРЕГІМДЕ МӘҢГІ САҚТАЛАДЫ

ҚАЙСАР" МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ЖҮРЕГІМДЕ МӘҢГІ САҚТАЛАДЫ

   "Қайсар" футбол командасының экс шабуылшысы Братислав Пунощевац ресми түрде команда сапынан кетті. Екі маусым команданың жеңісіне себепкер болған футболшымен аз кем әңгімелестік.
– Братислав, "Қайсар" үшін екі маусым тер төккеніңді жақсы білеміз. Жалпы қасқырлар мансабыңызыңдағы ерекше команда ретінде есте қалды ма?
– Өткен жылы Қазақстанға аяқ басу мүмкіндігі туып, "Қызылжармен" келісімге келдім. Қазақ футболының дәм тұзын таттық. Жазғы трансфер науқанында "Қайсардың" құрамын толықтырып, жаңа мүмкіндіктер туды. Стойчо бапкер бастаған жігіттермен мақсат мұратымызға жеттік. Үздік бестікті бағындырдық. Оның үстіне мұндағы атмосфераны ерекше бағалаймын. Футбол десе барлығы дайын тұрады. Екі маусымда бақытты күндерді кештім десем артық айтқандық емес.
– Маусымды ерте аяқтауыңыздың да себебі бар шығар.
– Әрние, себепсіз кетпеймін ғой. Ең бірінші себеп – жарақатымның сыр беруі. Расында жарақатың болса алаңдағы ойын мәнерің де нашарлай береді. Өйткені алаңдағы бар уайымың жарақатымды асқындырып алмау. Сондықтан бұрын соңды алған жарақатымның барлығын емдеп, жаңа өмір бастамақпын. Қалыпқа келу үшін кемінде 1 жарым ай уақытты талап етеді. Сол себепті команда сапынан кетуге тура келді.
– Әріптестеріңіз бірнеше күннен кейін Қазақстан кубогының финалында тер төгеді. Финалдағы жорамалыңызды білсек?
– "Қайсар" жеңіске жетуі тиіс. Өйткені клубтың алға қойған мақсаты биік. Оны жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар. Есепті кесіп айтқым келмейді.
– Сапар алдында  қызылордалық футбол сүйер қауымға айтар сөзіңіз болса, жеткізуге дайынбыз...
– Ең алдымен клуб ұжымына, бапкерлерге, басшылық құрамына алғыс айтамын. Мені бағалап, команда қатарына қосқаны үшін. Сондай-ақ "Қайсар" жанкүйерлеріне де құрметім ерекше. Сіздер де қасқыр мінез бар. Команда үшін қолдаудан аянбай, соңына дейін бірге болуларыңызды сұраймын. Бір жарым жылдың ішінде "Қайсар" мен Қызылордаға ерекше бауыр бастым. Менің жүрегімде қала мен команда ерекше сақталады. 
Ерасыл ШӘРІБЕК
12 қазан 2019 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031