» » АЛАТАУДАН АЛТЫ ЖҮЛДЕ

АЛАТАУДАН АЛТЫ ЖҮЛДЕ

   Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Айтулы жарысты Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады. Жарыс нәтижесінде жерлестеріміз жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Алдымызда тек Жапония (4+3+3), Түркия (2+1+1) және Ресей (1+2+3) құрамалары.
Дүбірлі додада жер жаһанның 71 мемлекетінен келген 483 балғын балуан бақ сынады. Жарыс қожайындары ретінде Қазақстан құрамасы әр салмақ дәрежесі бойынша қос спортшыдан қосуға мүмкіндік алды. Бұл – әлем біріншілігінде бұрын-соңды болмаған үрдіс. Халықаралық дзюдо федерациясы биылғы жылдан бастап, осындай қадамға баруды құп көрді. Осылайша, Алматыдағы жарыста  31 дзюдошы ел намысын қорғады.
Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз үшін табысты болды. Ұлдар арасында 50 кило салмақта өнер көрсеткен Нұрқанат Серікбаев беларуссиялық Виктор Зелянко, моңғолиялық Мендсайхан Нимсуренге сан соқтырып, жартылай финалда украиналық Микита Голобородконы жолынан ығыстырды. Финалда италияндық Ромэн Валадиер Пикардпен кездесті. Екеуі біразға дейін бір-бірін ала алмады. Десек те бәсеке бел ортадан асқан тұста қазақ дзюдошысы қарсыласын татамиде тырп еткізбей ұстап, айқын жеңіске қол жеткізді. Қыздардың ең жеңіл салмағында Әлима Жұмағалиева спорт сарайда жиналған жакүйерлерді қуантты. Бастапқы қос бәсекеде үндістандық Прия Прия мен армениялық Сусанна Степанянға сан соқтырған ол жартылай финалда италияндық Антонина Деспензаға есе жіберді. Ал үшінші орын үшін тартыста Әлима мен бразилиялық Ребекка Венсеслау ұзақ күресті. Алайда кездесудің аяқталуына небары сегіз секунд қалғанда қазақ қызы қарсыласын иппонға түсірді.
Екінші күні жас өрендеріміз қос қола медальді қанжығасына байлады. 60 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Марлен Әділ мен Нұрсұлтан Зайзағалиев өздерін жақсы қырынан көрсетті. Төрт бірдей қарсыластарын қапы қалдырған жас өрендеріміз қола медаль үшін өзара таласты. Бұл тартыста Нұрсұлтан «вазари» әдісімен алда келе жатқан еді. Алайда төрешілер тарапынан үш ескерту көрсетілгендіктен, бәсеке мерзімінен бұрын тоқталып, жеңіс Марленнің еншісіне жазылды.
66 кило салмақтағы Тілеген Тынарбай алғашқы айналымдарда Тәжікстан мен Черногория өкілдерін ұтқанымен, үшінші кезеңде бразилиялық
балуанға есе жіберді. Одан кейін Үндістан мен Грекия дзюдошыларына сан соқтырып, үшінші тұғырға табан тіреді.
Жарыстың үшінші күні Айдар Арапов қола медальді мойнында жарқыратты. 81 кило салмақта айқасқан Айдар тек укрианалық Тимур Валиевқа ғана әлі жетпеді. Жартылай финалда соған есе жіберген жерлесіміз үшінші орын үшін тартыста Украинаның тағы бір өкілі Никита Батиден басым түсті.
Соңғы күні +70 кило салмақта сынға түскен Мадина Парағұлғова көпшілікті қуантты. Кипр, Қырғызстан және Франция дзюдошыларын жолда қалдырған ол ақтық сында бразилиялық Анна Сантоспен сайысқа түсті. Қарсыласы біздің қызға қарағанда әлдеқайда еңселі еді. Салмағы кемінде 20-30 килодай артық. Соған қарамастан Мадина оны «вазариге» түсірді. Алайда арада көп уақыт өтпей жатып, Сантос сан соқытып кетті. Жерлесімізге бұйырғаны –күміс жүлде.
Осылайша, Алматыдағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Біздер үшін ол табысты аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бұрын-соңды әлемдік додаларда жерлестеріміз алты жүлде алған емес. Оның үстіне командалық есепте төртінші орын алдық. Бұл – орасан зор табыс. Сондай-ақ осыған дейінгі жарыстарда еліміздің қыздар құрамасы бірде-бір жүлде алмаған. Ал Алатау баурайында қос аруымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, жанкүйерлерді қуантты. Бұл да ел спорты тарихындағы елеулі оқиға.

Ерасыл ШӘРІБЕК
12 қазан 2019 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031