» » ҮЗДІКТЕР АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНДІ

ҮЗДІКТЕР АЛТЫН ТҰҒЫРДАН КӨРІНДІ

   Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Жамбы ату, теңге ілу», «Қазақ күресі» сияқты ұлттық спорт пен «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және т.б. ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
Салтанатты рәсімді ашқан Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы ұлттық спорт ойындарын насихаттауға айрықша үлес қосқан барлық үздіктер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік тіл, мәдениет және дәстүрді барлық ұлттық құндылығымызды сақтай отырып қана дамыта алатынымызды тілге тиек етті. Биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері – 2019 жылғы ұлттық спорттың республикалық, халықаралық бәсекесінде дара шыққан жеңімпаздар болды. Аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан, көкпардан Алматыда өткен жастар арасындағы І Азия чемпионатында, «Алтын жебе» І Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған, бәйге мен құсбегілік бәсекелерінде топ жарған және тоғызқұмалақтан, асық атудан, қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген көптеген спортшы «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық деп танылды.
Ұлттық спорт түрлерінің үздіктер номинациясы бойынша «Үздік мергендер» – Айкөз Ералхан мен Бабажан Бақдәулет;
«Үздік бәйге аттары» – «Қоянқасқа», «Үшқоңыр», «Қызжирен»;
«Үздік аударыспақ балуандары» – Аманжол Нұрбек, Құралбай Ермек, Иманғазыұлы Нармағанбет, Ағабек Ғабит;
«Үздік қазақ күресінің балуаны» – Тұтқышев Нариман;
«Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы» – Темірбаев Ғалымжан;
«Үздік асық ату командасы» – Нұр-Сұлтан қаласының командасы;
«Үздік бүркітші» – Серікболсын Жалғасұлы;
«Үздік теңге ілу спортшысы» – Ғалымжан Ізжанов;
«Үздік көкпар командасы» – көкпардан ҚР Жастар құрама командасы;
«Үздік көкпаршы» – Құрманбек Тұрғанбек;
«Ұлттық ат спортының үздік төрешісі» – Ерлан Жүсіпов;
«Үздік жаттықтырушы» – Арслан Қабжанов;
«Үздік ұлттық спорт клубы» – «Әулие ата» ұлттық спорт клубы;
«Жаппай көкпар үздіктері» – Ғалымжан Мырзабаев, Жомарт Зиябек атанды.
Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбековке «Елімжан» медалі табыс етілді.
12 желтоқсан 2019 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031