» » ЖУРНАЛИСТЕР ӘКІМНІҢ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ӘКІМНІҢ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

   Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аймақ журналистері Жаңақорғанға бағыт алды. Қаламгерлер Қожакент ауылындағы жаңа спорт кешенінде  қағаз бен қаламды допқа айырбастады. БАҚ өкілдері Жаңақорған ауданы әкімінің Кубогы үшін шағын футболдан өзара сайысты. Айта кету керек, облыстың бірнеше ауданында мұндай үлгідегі турнир ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Сайыста «Меншікті тілшілер», «Сыр медиа», «Жас тілшілер», «Qyzylorda арнасы», «Түркістан», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» командалары арасында тартысты бәсеке орнады. Ала доп аламанында «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымы І орынның биігін бағындырды. «Qyzylorda арнасы» ІІ орынды еншілесе, «Меншікті тілшілер» командасы үздік үштікті түйіндеді. Қатысушы командаларға да ынталандыру сыйлығы табысталды.
23 желтоқсан 2019 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031