» » ЖАПОНИЯДАҒЫ ЖЫЛ ЖАРЫСЫ

ЖАПОНИЯДАҒЫ ЖЫЛ ЖАРЫСЫ

    Биылғы басты дода ‒ жазғы Олимп ойыны. Бұл жолғы XXXII Жазғы Олимпия ойындары 2020 жылдың 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияның бас шаһары – Токиода өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы төрт жылдықтың басты додасы бұрын-соңды болмаған ең инновациялық Олимпиада болмақ.
Қазіргі таңда Токионың 13 ауданындағы спорт ареналарында əлемнің түпкір-түпкірінен жиналатын спортшылар 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығын сарапқа салады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг. Биылғы додаға әлемнің 206 елінен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған. Спортшылардың 49%-ы әйелдер болмақ. Бұл – гендерлік теңдікті білдіреді. 2017 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті кезектен тыс бас қосып, Токио Олимпиадасының бағдар­ламасына біршама өзгеріс енгізді. Басты мақсат – төрт жылдық дүбірлі додаға қатысатын ерлер мен әйелдердің санын теңестіру. Сөйтіп жеңіл атлетика, су спорты түрлері, нысана көздеу, ауыр атлетика, бокс және күрес түрлеріндегі ерлер жолдамаларының (лицензиялар) саны қысқарып, әйелдердің үлесіне берілді.
Жапония дүбірлі доданы осымен екінші рет қабылдамақ. Күншығыс елі ең алғаш Жазғы Олимпия ойындарын 1964 жылы өткізген. Сол жылы 93 елдің спортшысы бақ сынап, спорттың 19 түрінен жүлдені сарапқа салған-ды. Ол уақытта қазақстандық спортшылар Кеңес Одағының құрамында бақ сынаса, биыл Тәуелсіз ел ретінде жетінші Жазғы Олимпия ойындарына қатысады.
Тəуелсіз Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері 7 Олимпиадада 15 алтын, 21 күміс жəне 28 қола медаль олжалап, жалпы саны 64 жүлдеге жеткізді. Енді алдағы шілде-тамыз айларында өтетін Токио Олимпиадасында осы жүлделер саны арта түседі деп үміттенеміз.
Бүгінге дейін саңлақтарымыз Токио Олимпиадасына 25 лицензия жеңіп алды. Атап айтар болсақ, Юрий Юрков (нысана көздеу), Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату), Ришат Хайбуллин (спорттыққұзға өрмелеу), Дмитрий Баландин (100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), Ольга Рыпакова, Георгий Шейко (жеңіл атлетика), Евгений Гидич (велоспорт, лицензия командаға беріледі), садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжан Мұсаев; командалық және жекелей сын), Виталий Худяков (ашық суда жүзу), Екатерина және Александра Немич (синхронды жүзу), Милад Карими (спорттық гимнастика), Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Асхат Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі), Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали (еркін күрес) Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
17 қаңтар 2020 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

08-337

27 ақпан 2020 ж.

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829