» » ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

   Футболдан ел біріншілігінде бақ сынайтын командалар қаңтар айы басталысымен жаңа маусымға дайындығын пысықтауға көшті. Жылдың басты жаңалығы эканомикалық одақ саналатын Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Беларусь футболшылары бір-біріне легионер ретінде саналмайтын болды. Сондықтан қазақ аяқдопшылары шекара асып, команда ауыстыруға бел байлауда.  Бүгінде Қазақстан біріншілігінде ауыс-түйістер көп орын алуда. Солардың біршамасын оқырман назарына ұсынамыз.
«Астана»
Ел чемпиондары оқу-жаттығу жиынын өткізуге асығар емес.  Мұның себебі де бар. Еуропа лигасына қатысқан команда демалысқа желтоқсан айының бел ортасында шықты. Әзірге чемпиондар құрамын жаңартуға бел буып отыр. Команданың ресми порталы қақпашы Александр Мокин, жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов, шабуылшы Сергей Хижниченконың кеткенін мәлімдеді.  Команданың басшылық құрамында да өзгерістер орын алуда. Осыған дейін спорттық директор қызметін атқарған Нүркен Мазбаев орнын босатты. Енді бұл қызметті  тәжірибелі Ғани Қайназаров атқарады. Жаңа маусымда «Астананың» басты жаңалығы армениялық ойыншы Тигран Барсегянның қатарға қосылуы болды. Қызылордалық жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы жаңа командасымен бір жылдық келісімге келген. Григорчук бапкердің командасы 15 қаңтарда Португалияға аттанбақ.  «Астана»  Переней түбегінде 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында маусымға дайындалады. Жиын соңына таман Қазақстанның алты дүркін чемпиондары «Атлантик Кап» турнирінде бақ сынайды. Айта кетейік, елордалық команда топтық кезеңде даниялық «Копенгаген» және «Брондбю» командаларына қарсы ойнайды.
«Қайрат»
Алматылық ұжым былтырғы маусымда өнер көрсеткен ойыншылардың біршамасымен келісім шартқа отыруға ниетті емес. Оңтүстік  Кореядан аттай қалап алдырған Хан Чжон Ву халық командасына қол үшін соза алмады. Тіпті негізгі құрамға іліне алмай, көп уақытын қосалқы командада өткізді. Сонымен қатар ел біріншілігіндегі топ ойыншының бірі саналған  Исламбек Қуат команда ауыстыруды қажет деп шешіпті. Енді Исламбек Ресей премьер лигасындағы «Орынбор» командасында  доп тебеді. Қорғаушы Елдос Ахметов те жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды. Георгий Жуков, Мартон Эппель, Сергей Политевичтер Шпилевский бапкердің құрамында болмайды. Алғашқысы Польша біріншілігіне бағыт алса, қалған екеуі жаңа команда қарастыруда. «Қайрат» бірінші оқу-жаттығу жиынын Алматыда өткізуді жөн санапты. Шпилевский бапкер алғашқы жиынға 26 футболшыны шақырыпты. Атап айтсақ,  Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт, Дино Миканович, Сергей Кейлер, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүюмбаев, Нұрлан Дайыров, Дәмір Қасаболат, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Конрад Вржещиньский, Рамазан Оразов, Небойша Косович, Еркебұлан Тұнгышбаев, Султанбек Астанов, Адам Адахаджиев, Рифат Нұрмұғамет, Ибрагим Дадаев, Адеринсола Эсеола, Вячеслав Швырёв, Артур Шушеначев, Самат Сарсенов.
«Ордабасы»
Біріншіліктің қола жүлдегері «Ордабасы» дайындық жұмысын жүргізуге қаңтарды қолайсыз санаған сыңайлы. Команда Шымкентте де жиналуға құлықсыз. Әзірге команда құрамынан Темірлан Ерланов қана кетті деген ақпар тарады. Өскемен футбол мектебінің түлегі «Тобылға» ауысты. Сондай-ақ өткен маусымда жалда жүрген бразилиялық футболшы Жоау Пауло енді «Ордабасының» меншігінде. Клуб басшылығы Жоауды «Лудогорецтен» түбегейлі сатып алды.
«Тобыл»
Жаңа ойыншыларды қатарға қосудан «Тобыл» алда келеді. Алдымен бапкермен келісімге келген команда бірте-бірте футболшыларды да жаңартуда. Григорий Бабаян бапкер ретінде белгіленгеннен кейін қажетті ойыншылармен келісім-шарт жасауда. «Шахтердан» Игорь Шацкийді, «Қайсардан» Александр Марочкинды, «Тараздан» Сағдат Тұрсынбайды, «Ордабасыдан» Темірлан Ерлановты, «Ақтөбеден» Асланбек Кәкімовты алдыртты. Кейбір ақпараттарға сүйенсек «Астананың» ойыншысы Серікжан Мұжықов та Бабаянның қол астына өтеді деген сыбыс бар.
«Жетісу»
Апта басында талдықорғандық команда Түркияға бет алды. Огай бапкер әзірге ойыншылар қосуға асығар емес. Дегенмен өткен маусымда өрге сүйреген Мантас Куклис, Руслан Степанюк, Рауль Джалилов, Олег Храмцов,  және Камо Оганесян енді «Жетісуда» доп теппейді.
«Қайсар»
Ел клубтары арасынан алғаш болып жаттығуға кіріскен қасқырлар қаңтардың 3-нен бастап Түркияда екі мезгіл жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Стойчо Младенов қатарға жаңадан Бағдат Қайыров, Қуаныш Қалмұратов, Елдос Ахметов, Элгуджа Лобжанидзені қосыпты. Сондай-ақ өткен маусымда өнер көрсеткен Джон Джошуа, Тигран Барсегян, Олжас Алтаев, Валентин Чуреев, Андре Букия, Игорь Зенькович, Александр Марочкиндермен келісім шарт аяқталып, футболшылар өзге команда қарастыруда.
Премьер-лигадағы 12 клубтың тек 6 командасы жайында ақпарат ұсындық. Қалған 6 команданың жаңалығын газеттің келер санынан оқи аласыздар.
17 қаңтар 2020 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031