» » БОКСШЫЛАР БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАДЫ

БОКСШЫЛАР БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАДЫ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы ірі бәсекелерге қатысу үшін дайындықты бастады.
Ғалым Кенжебаев жаттықтыратын ұлттық құрама алғашқы аптада дайындықты далада өткізді. Яғни, ашық аспан астында арнайы жаттығулар жасап, ептілік пен жылдамдықты қалпына келтірді. Енді біртіндеп техниканы жетілдіруге басымдық берілмек. Алматыдағы Бүкіләлемдік бокс академиясында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 18 маусымға дейін жалғасады.
Айта кетейік, еліміз бойынша мұндай форматтағы дайындықты боксшылар алғаш болып бастады. Олардың арасында ел бойынша бірінші, екінші және үшінші нөмірлі былғары қолғап шеберлері бар. Барлығы да коронавирусқа қатысты тест тапсырды және қазір санитарлық талаптарды қатаң сақтауда.
16 маусым 2020 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31