» » ЕУРОПАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІ

ЕУРОПАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІ

 
 30 жастағы италиялық шабуылшы Иммобиле «Алтын бутса» иегері атанып, көпшілікті таң қалдырды.
Иммобиле алғашқы турлардан бастап-ақ Чиро А сериясының сұрмергендер жарысында көшбасшы болды және маусым соңында көшбасшылар қатарынан табылды. Оның басты қарсыласы Роберт Левандовски болды. Естеріңізде болса, Германия Еуропада бірінші болып чемпионатты қайта бастады. Левандовски барлық дерлік ойындарда гол сала бастады. Мамыр айының соңында "Алтын Бутсаны" Роберт жеңеді дегенге ешкім күмәнданбады. Бірақ Бундеслига маусым айының аяғында аяқталды, ал Иммобиле мен Роналду тамыз айына дейін бір-бірімен бәсекелесті.
Роберт Бундеслигада 34 гол соқты, ал Иммобиле 36-шы турда "Веронаға" қарсы хет-трик жасап, "Бавария" шабуылшысымен теңесті. Келесі ойында Чиро тағы да бір гол соқты. Роналдудың Иммобилені қуып жетудің теориялық мүмкіндігі болды, бірақ Португалиялық шабуылшы пенальти соға алмады және оған соңғы матчта ойнауға мүмкіндік бермеді. Чиро соңғы турда тағы бір гол соғып, кезекті рекордын орнатты.
– Иммобиле италиялықтар арасында А сериясының бір маусымында ең көп гол соққан ойыншы атанды. 36 гол соғып, соның арқасында ол «Интердің» бұрынғы шабуылшысы Антонио Анджелиллоны жеңді (1958/1959 маусымда 33 гол).
– Чиро бір маусымда 36 гол соғып, бір маусымдағы ең көп гол соғу рекордын қайталады. Алдыңғысын 2015/2016 маусымда «Наполи» шабуылшысы Гонсало Игуаин орнатқан.
– Иммобиле Италия чемпионатындағы бір маусымда пенальти соғу рекордын жаңартты. Шабуылшы 14 рет пенальтиді сәтті орындады. Алдыңғы рекорд – 12 болатын.
– Иммобиле ұлттық біріншілік тарихындағы бір маусымда 30 немесе одан да көп гол соққан бесінші италиялық ойыншы атанды. Оның алдында мұндай жетістікке Джузеппе Меацца (1929/1930 маусым, 31 гол), Феличе Борель (1933/1934, 31 гол), Антонио Анджелилло (1958/1959, 33 гол) және Лука Тони (2005/2006, 31 гол) жеткен еді.
– Иммобиле соңғы 13 жыл ішінде алғаш рет Италияға «Алтын бутсаны» қайтарды. А сериясындағы бұл жүлдені жеңген соңғы ойыншы Франсеско Тотти болды (2007 жылы).
Иммобиле бұл марапат туралы не дейді?
«Мен қол жеткізген жетістіктерімді мақтан тұтамын, әсіресе артқа қарап, неден бастағанымды және нені бастан өткергенімді еске алатын болсам», - дейді Чиро. – Егер сенетін болсаңыз, кейде армандар орындалады. Мен жаттықтырушыға және командаластарыма алғысымды білдіргім келеді. Бұл рекордтар – бүкіл команданың жетістігі. «Лацио» жанкүйерлеріне рақмет! Мен мұны мақтан тұтамын. Егер сіз берілмесеңіз, кез-келген мақсатқа қол жеткізе алатындығыңыздың нақты мысалы болғым келеді. Мен осы спорт тарихында өз орнымды алғаным үшін өзімді мақтан тұтамын. "Веронаға" қарсы хет-триктен кейін командаластарымның киім ауыстыру бөлмесінде қалай қарсы алғаны мені қатты толқытты. Спорттың бар мәні осында емес пе?», – деді Иммобиле.
Ерасыл ШӘРІБЕК
07 тамыз 2020 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930