» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПАЛУАНДАР ЖЕҢІМПАЗ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПАЛУАНДАР ЖЕҢІМПАЗ

 Маңғыстау облысы Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылдары туылған жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Облыстың аға жаттықтырушысы Болат Кенеев дайындаған Қызылорда облысының құрама командасы байрақты бәсекеде 11 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.       Жекелей сында Адия Сайын (48 келі), Диана Тілеумұратова (52 келі), Бекжан Төлепов (55 келі), Арман Жалғасбекұлы (66 келі) Қазақстан жеңімпазы атанса, Ердәулет Салыбек (55 келі), Арайлым Ханзада (63 келі) және Жанерке Қуанышова (78 келі) күміс жүлдені иеленді.
       Нәбира Сламбекова (57 келі), Жасұлан Бердібеков (66 келі), Абылайхан Жұбаназар (74 келі), Майра Мырзабек (+78 келі) қола жүлдеге ие болды.
       Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз  –  бірінші, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары – екінші, ал Жамбыл облысының құрамасы  – келесі жүлделі орындарды еншіледі.
         Қазақстан жеңімпазы атанған төрт спортшы сәуір айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.
06 ақпан 2018 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 46 (271)

15 қараша 2018 ж.

№ 45 (270)

08 қараша 2018 ж.

№ 44 (269)

01 қараша 2018 ж.

Экономика

Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

18 қазан 2018 ж.
Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930