» » СТОЙЧО МЛАДЕНОВ: КЕЛЕСІ РАУНДҚА ӨТУГЕ МҮМКІНДІГІМІЗ ЖОҒАРЫ

СТОЙЧО МЛАДЕНОВ: КЕЛЕСІ РАУНДҚА ӨТУГЕ МҮМКІНДІГІМІЗ ЖОҒАРЫ

 Қызылордалық «Қайсар» Еуропа лигасындағы жорығын бастайды. Қарсыласы – кипрлік «Апоель». Үшінші раундтың жолдамасын сарапқа салу үшін қос команда Шымкентте кім мықтыны анықтайды. Кеше қасқырлардың бапкері Стойчо Младенов шәкірттерінің дайындығына тоқталды.
– 31 тамызда Еуропа лигасының жеребесі тартылған сәттен бастап дайындықты бастап кеттік. «Апоель» – Еуро бәсекеде бұрыннан көзге түсіп жүрген тәжірибелі топтың бірі. Команданың дені легионерлер құрайды. Көмекшілеріммен кеңесіп, қарсыласымызды барынша зерттедік. Үш жаттығу бағыты бойынша жұмыс істедік. Атап айтсам, физикалық, тактикалық және психологиялық. Қарсыласымызға қарағанда келесі раундқа өтуге мүмкіндігіміз жоғары деп ойлаймын. Өйткені біз өз елімізде, өз алаңымызда ойнаймыз. Біздің артықшылығымыз осында. Команда ойыншылары жарақаттан аман. Ел біріншілігінің соңғы ойынында команда капитаны Асхат Тағыберген жарақатына байланысты көмектесе алмады. Қазір Асхаттың жағдайы жақсы. Футболшылар жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын.

17 қыркүйек 2020 ж. 89 0