Қоян 

Сиыр жылы Қоян жылында туғандарды қуантады. Мәселен, осы жылы саяхаттауға мүмкіндік алады. Жыл ортасында отбасындағы кикілжіңдер түбегейлі шешіліп, болашаққа жоспар құрады. Сондықтан асықпай тынығып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Өміріңізді түбегейлі өзгертуге асықпаңыз. Алдымен бәрін тыңғылықты жоспарлап алған жөн. Туыстармен арадағы байланыс бұрынғыдай берік болмайды. Оңаша қалып, тыныштықта ойға беріліп, көңіліңізді тыныштандырғыңыз келеді. Десе де әр нәрсенің шегі бар екенін білгейсіз және ой соңында кетуден аулақ болыңыз.

Денсаулық

Қауырт жұмыс пен мазасыздық денсаулығыңызға зиянын тигізеді. Дегенмен, уақытылы дәрігерге қаралып, кез келген дерттің алдын-алуға тырысыңыз. Уақытылы тамақтану мен дұрыс тынығу, таза ауа, пайдалы саяхат артық етпейді. Сондай-ақ, күшік немесе марғау асырасаңыз, көңілсіз ойлар мен көктемгі күйзелістен құтқарады.
Қаржы

Биыл кәсіп ашып, мол қаражатқа кенелесіз. Тіпті Сиыр жылы миллионер атануыңызға жағдай жасайды. Сондықтан бар ынта-жігеріңізді салып, еңбектене біліңіз.  Қоян сырт көзге қорқақ боғанмен, сөз бен ісіне мығым, оңайлықпен әлдекімнің оңай олжасына айналып, қанжығада кетпейді. Жасқаншақтар жалтақтағаннан жалығып, енді батыл іске көшуге ұмтылады.

Мансап

Биыл көшбасшылық қасиетпен ерекшеленуге мүмкіндік мол. Еш кедергіге мойымай, алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады. Дегенмен арқаны кеңге салмай, өз-өзін дамытып, жаңа технологиялар мен шет тілін үйрену артық етпейді. Асығыс қабылданған шешім сіздің болашағыңызға кері әсер етуі мүмкін. Кез келген іске бармас бұрын «жеті рет өлшеп, бір кесу» керегін естен шығармаңыз. Нәтижесінде қызметіңізде тұрақтылық орнап, шығармашылықты шыңдауға жол ашылады.

Махаббат

Екінші жартысын таба алмай жүргендер отбасылы болып, көбейеді. Ал үйленгендер өз отбасының ынтымағын арттырып, беки түсуіне ықпал етеді. Бойдақтар мен теңін таппай жүрген қыздар жылдамырақ таңдау жасамаса болмайды, жалғыз қалу жаман ойларды шақыратынын өзіңіз де жақсы білесіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!