» » Зейнет жасы төмендей ме?

Зейнет жасы төмендей ме?

Елімізде мәжіліс депутаттарының бірқатары зейнет жасын төмендету жайлы ұсыныс айтты.
"ДДСҰ-ның мәліметіне сәйкес, коронавирус инфекциясы салдарынан өлім-жітімнің жоғары деңгейі 60 жастан асқандар арасында байқалады. Бұл адамдардың вирусты тез жұқтыруы ағзадағы физиологиялық өзгерістермен, иммундық жүйенің төмендігі және басқа да аурулардың болуына тікелей байланысты. Сол себепті де олар індетке шалдығуға бейім келеді, ауру түрлері асқынып, соңы өлімге әкеледі", - деді депутат. 
Сол себепті де депутаттар дәл қазіргі жағдайда қарт адамдарға қамқорлық танытып, олардың үй жағдайда болын қамтамасыз ету керек деген пікірде.
"Халық коммунистері" фракциясы қазақстандықтардың зейнет жасын қайта қарау керек деген ойды ұстанады. Бүгінде азаматтардың пікірін ескеріп, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынамыз", - деді Қоңыров. 
Депутат бұл шешім азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ғана септігін тигізбей, экономикалық дағдарыс уақытында еңбек нарығына да оң әсер етеді деп санайды.
09 қазан 2020 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031