» » «Барыс» төрт жылда бірінші рет «Слованды» жеңді

«Барыс» төрт жылда бірінші рет «Слованды» жеңді

ҚХЛ ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, «Барыс» төрт жылда бірінші рет Братиславада жеңіске жетті.

«Екі команданың да жағдайы мәз емес. Қазақстандық команданың соңғы айда жолы болмай келеді. Ал «Слован» қарашада жақсы ойын көрсетті. Бірақ жауапты матч алдында қатарынан бес рет жеңілді. Оның үстіне астаналықтар төрт жылдан бері Словакия астанасында жеңіске жете алмай жүр. Дәл осы ойын да басында баяу жүрді. Алғашқы 40 минутта ешкім гол соқпады. Үшінші кезеңде қызықты сәттер бастады. Алдымен Хенрик Карлсон таяғымен өз қақпасының артынан қателік жіберіп, шайбаны жоғалтып алды. Бірақ қарсыласы оның қателігін пайдаланып, бос қақпаға гол соға алмады. Содан кейін Дмитрий Шевченко сол қайтып келе жатқан шайбаны ұрып, қақпаға тура бағыттады. Осылайша ойындағы есеп ашылды. Соңында алаң қожайындары жақсы айла жасауға кірісті. «Барыстың» аймағына келіп, жабылып шабуылдады. Бірақ астаналықтар қалыспай, шайбаны кері қарай лақтыра берді. Сосын астаналықтардың жолы болып, ойындағы соңғы голды Кевин Даллмэн салды. Ал, Карлссон осы маусымда төртінші рет гол соға алмай келеді», - делінген хабарламада.
Спорт порталының хабарлауынша, «Слованды» жеңгеннен кейін «Барыс» 63 ұпай жинап, Шығыс конференциясындағы жетінші орыннан алтыншыға көтерілді. Астаналық клуб келесі ойынын 20 желтоқсанда мәскеулік «Динамоға» қарсы ойнайды.

19 желтоқсан 2017 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930