» » Тәуелсіздік құрдасы қалай табысты кәсіпкер болғанын айтты

Тәуелсіздік құрдасы қалай табысты кәсіпкер болғанын айтты

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында мемлекетіміз саяси және экономикалық өзгерістерді басынан өткерді. Дұрыс қабылданған шешімдер қазақ елінің мемлекет ретінде нығаюына жол ашты. Ал бодандықтан азат болған жылдары дүние есігін ашқан сәбилер бұл күнде еліміздің дамуына үлес қоса алатын дәрежеге жетті. Сондай азаматтың бірі – Арман Тоқсанбаев. Ол 15 жасында жеке кәсіп ашып, 17 жасында алғашқы миллионын тапқан. Қазіргі таңда жас кәсіпкердің 5 компаниясы бар. Сондай-ақ, ол биыл «100 жаңа есім» жобасында жеңіске жетті. Осы орайда Baq.kz тілшісі жас кәсіпкер Арман Тоқсанбаевпен сұхбаттасты.

«Мен – Тәуелсіздік құрдасымын. «United Business Gruop» атты компаниям бар. Оның құрамына 4 компания кіреді. Бірінші – сағат шығаратын «Отан» компаниясы. Аталған компанияның өнімдері Қытайға және алыс шетелге сатылымға шығарылады. Өткен жылы біз жастар форумында Елбасыға өз сағатымызды сыйға тарттық. Қазіргі таңда кәсіпорынның бір жылдық айналымы 1,5 млн доллардан асады. Екінші – Жасыл технологиялар орталығы. Мұнда біз қысы-жазы мал азығын өсіреміз. Үшінші – «Zertis» компаниясы. Оны әріптесім Диас Тастанбековпен бірігіп аштық. Яғни Қарағандыдағы жылыжайда рукколо, жалбыз, райхан (вазилик), салат атты бақша өсімдіктерін аэропондық технология арқылы топырақсыз өсіреміз. Бұл – инновациялық әдіс. Алынған өнімді қаладағы мейрамханаларға сатамыз. Аталған компанияның ашылғанына көп болған жоқ. Төртінші, «Union of Miners» компаниясы. Мұнда біз криптовалютаны дамытумен айналысамыз», – деді жас кәсіпкер.
16 желтоқсан 2017 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031