» » БИЫЛ ҚАЗАЛЫДА 150 ГЕКТАР ЖОҒАРЫ СОРТТЫ КҮРІШ ЕГІЛЕДІ

БИЫЛ ҚАЗАЛЫДА 150 ГЕКТАР ЖОҒАРЫ СОРТТЫ КҮРІШ ЕГІЛЕДІ

 
  Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы саласына тартылған негізгі инвестиция көлемі 189 млн. теңгені құрады. Есепті кезеңде 10 млрд. 200 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, 1 млрд. теңгеден астам субсидия төленді.
    Былтыр 17355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  орналастырылған болатын. Аудан дихандары басты дақыл күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйды.
    Машина трактор паркі 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары және жабдықтарымен жаңаланды. Ал биыл ауылшаруашылығы құрылымдары 117 млн. теңге болатын 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отыр.
    Өткен жылы 60 млн. теңгеге 6 округке трактор, 74,5 млн. теңгеге 8 насос алып берілген болатын. Биыл да 6 ауылға трактор алып беру үшін аудандық бюджеттен 62,6  млн. теңге қаралды. Бұл тракторлар ауылдағы ағайынның бау-бақша егуіне және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау мақсатында алынып отыр.
    Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 17 790 гектар жерге орналастыру жоспары бар.Сонымен қатар, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін 150 гектар жерге ұлғайтып егу жоспарланып отыр.
    Сондай-ақ, өткен жылы 1050 гектар жерге бақша дақылдары егіліп, 14538 тонна өнім алынды. Алынған өнім көрші Арал, Қармақшы аудандары мен Ақтөбе, Астана, Байқоңыр қалаларына сатылып, Ресей еліне 552 тонна қауын-қарбыз экспортқа шығарылды.Биыл да бау-бақша егісі жалғастырылады. Қазіргі таңда жерлері белгіленді.
14 ақпан 2018 ж. 1 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031